Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 201 Жарлығы

Қолданыстағы

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк протоколдың бiрыңғай нормаларын сақтау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 12 қазандағы
N 201 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

Мазмұны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ПРОТОКОЛЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы (бұдан әрi - Мемлекеттiк протокол) қалыптасқан халықаралық тәжiрибеге сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми iс-шараларды өткiзудің рәсiмдiк ережелерiн реттейдi.
      Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық іс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрлiгi) жүзеге асырады.

1-бөлiм. Шетелдiк делегациялар сапарларының жiктелуi

      1. Шетелдiк ресми делегацияға протоколдық рәсiмдер мен сый-құрмет сапардың ауқымына, делегацияны басқаратын тұлғаның (Мемлекет басшысының, Үкiмет басшысының, Сыртқы саясат ведомствосы басшысының немесе басқа да жоғары лауазымды тұлғаның) мәртебесiне, екіжақты қатынастардың деңгейiне сәйкес, сондай-ақ өзара сыйластық қағидаты ескерiле отырып көрсетiледi.

1-тарау. Деңгейi мен ауқымы бойынша шетелдiк делегациялардың
сапарлары

      2. Шетелдiк делегациялардың деңгейiне байланысты сапарлар "аса жоғары деңгейдегі" және "жоғары деңгейдегi" сапарларға бөлiнедi. "Аса жоғары деңгейдегi" сапарларға мемлекеттер немесе үкiметтер басшыларының, ал "жоғары деңгейге" - сыртқы саясат ведомстволары басшыларының, басқа да ресми адамдардың сапарлары жатады.

      3. Сапарлар ауқымына қарай: мемлекеттiк сапарларға, ресми сапарларға, жұмыс бабындағы сапарларға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң (бұдан әрi - Президент) жеке мейманы ретiндегi сапарларға, ресми емес сапарларға, жол-жөнекей сапарларға бөлiнедi.
      Қазақстан Республикасына сапар Қазақстан Республикасы астанасының (басқа қаласының) әуежайына мейманның ұшағы (арнайы ұшағы) қонған сәттен басталады.

      4. Қазақстан тарапы Қазақстан аумағы арқылы жол-жөнекей өтетiн шетел мемлекеттiк, үкiметтiк және басқа да делегациялардың Қазақстан Республикасында болуына байланысты шығыстарды, Қазақстан Республикасы ресми адамдарының аталған делегациялармен кездесулер өткiзетiн Қазақстан аумағы арқылы жол-жөнекей өтуi барысындағы жағдайларды қоспағанда көтермейдi.

Параграф 1. Мемлекеттiк сапарлар

      5. Шетел мемлекеттерi басшыларының Қазақстан Республикасына сапарлары мемлекеттiк сапарлар болып табылады. Олар ерекше жағдайларда және Шетел мемлекетi басшысының осы лауазымда болған уақытында (әдетте, бастапқы кезде) бiр рет қана жүзеге асырылады. Мемлекеттiк сапар кезiнде мейманды қарсы алу мен шығарып салудың айрықша жоғары деңгейi қамтамасыз етiледi. Сапар бағдарламасы барысында, сондай-ақ ол елдi ықтимал аралаған кезде Шетел мемлекетi басшысымен бiрге жүру деңгейi арттырылады.
      Мемлекеттiк сапардың бағдарламасы бойынша өткiзiлетiн рәсiмдiк, ресми iс-шаралар ресми сапарлардың ауқымына сәйкес келедi.

Параграф 2. Ресми сапарлар

      6. Белгiлi бiр саяси-экономикалық мәнi бар ресми сапарлар аса жоғары және жоғары деңгейдегi сапарларға жатады және салтанаттылығымен ерекшеленедi. Осы санатқа жататын сапарлар барлық рәсiмдiк сый-құрмет көрсетiлiп жүзеге асырылады.
      Ресми сапарлар барысында бағдарламаны жасаған кезде: қарсы алудың ресми рәсiмi, шағын және кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер; екiжақты құжаттарға қол қою, бiрлескен баспасөз мәслихаты; ресми қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас), сондай-ақ гүл себетiн (гүл шоғын) қою, ағаш отырғызу, мұражайға бару, жоғары оқу орнының студенттерiмен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу, ел iшiнде сапарға шығу (келісiм бойынша) сияқты iс-шаралар көзделедi.

Параграф 3. Жұмыс бабындағы сапарлар

      7. Жұмыс бабындағы сапарларға: келiссөздер, консультациялар өткiзу, көрменi немесе қандай да бiр объектiнi ашу; көпжақты кездесулерге, халықаралық кеңестер мен конференцияларға қатысу, мерейтойлық датаны мерекелеу, неғұрлым жоғары деңгейдегi сапарларды және басқа да осыған ұқсас iс-шараларды әзiрлеу сияқты нақты мақсатқа арналған сапарлар жатады. Жұмыс бабындағы сапарлар барысында мейманды қарсы алу, шығарып салу және бiрге жүру деңгейi ресми сапарлармен салыстырғанда төмен.

Параграф 4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке мейманы
ретiндегі сапарлар

      8. Президенттiң жеке мейманы ретiндегi сапарлар Мемлекет басшысының жеке шақыруы бойынша жүзеге асырылады және ұйымдастыру тұрғысынан тараптардың уағдаластығына сәйкес ресiмделедi.
      Мұндай сапарларды протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентiнiң Протоколына (бұдан әрi - Президент Протоколы) жүктеледi.

Параграф 5. Бейресми сапарлар

      9. Бейресми сапарларға шетел мемлекеттiк қайраткерлерiнiң Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша (демалысқа, туризм мақсатында және басқа да) келуi жатады.

Параграф 6. Жол-жөнекей сапарлар

      10. Жол-жөнекей сапарлар Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін аса жоғары немесе жоғары деңгейдегi ресми делегацияның Қазақстан Республикасында аз мерзiмдi аялдауына байланысты болады.
      Меймандардың өтiнiшi бойынша және тиiстi уағдаластыққа қол жеткiзiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарымен кездесулер және сұхбаттасулар ұйымдастырылады.

2-бөлiм. Шетел мемлекеттерi басшыларының Қазақстан
Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды
қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi басшыларының мемлекеттiк және
ресми сапарлары

      11. Шетел мемлекеттерiнiң басшыларын қабылдау 3-қосымшада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      12. Шетел мемлекеттерi басшыларының мемлекеттiк және ресми сапарлары кезiнде мынадай протоколдық iс-шаралар көзделедi:

Параграф 1. Әуежайда қарсы алу рәсiмi

      Әуежайда шетел мемлекетiнiң басшысын қарсы алу үшiн мейман елi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тулары көтерiледi. Әуежайдың ғимаратында ұшу алаңы жағынан мейман елi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi. Ұшу алаңында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының (бұдан әрi - Республикалық ұлан) құрметтi қарауылы сап түзейдi.
      Әуежайда қарсы алудың екi нұсқасы бар:
      1) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтетiн қарсы алудың ресми рәсiмi;
      2) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтпейтiн қарсы алу рәсiмi.

Параграф 1.1. Әуежайда қарсы алудың Республикалық ұланның
құрметтi қарауылы өтетiн ресми рәсiмi

      13. Ұшақ толық тоқтағаннан кейiн Президент Протоколының басшысы және Қазақстан Республикасында тiркелген, тиiстi шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы (бұдан әрi - мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi) ұшақтың бортына көтерiледi және мейманды сыртқа шығуға шақырады.
      Осы уақытта мейман елiнiң ресми делегациясының мүшелерi екiншi басқышпен төмен түседi, арнайы бөлiнген орынға өтедi және кiлемшенiң бойындағы орындарды иемденедi.

      14. Мейманды (зайыбымен/жұбайымен) ұшақ басқышының алдында Президент (зайыбымен/жұбайымен) қарсы алады.
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады (егер мейманмен зайыбы (жұбайы) бiрге жүрген жағдайда ұлттық киiм киген екi қыз мәртебелi мейманға және зайыбына (жұбайына) гүл ұсынады).
      Президент мейманды белгiленген орынға (шатырға) өтуге шақырады. Зайыптары (жұбайлары) белгiленген орынның оң жағына тұрады.

      15. Құрметтi қарауылдың бастығы сәлемдiк баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн орындайды. Мейман елiнiң мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады.
      Мемлекеттiк гимндi тыңдап болғаннан кейiн мейман және Президент құрметтi қарауыл сапының бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туынан оң қанатқа дейiн өтедi (мейман қарауыл сапына жақын жүредi). Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы алдында мейман тоқтайды және басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Саптың бойын жүрiп өткеннен кейін мейман және Президент оларды бiр-бiрiне таныстыру үшiн екi елдiң делегацияларына келедi. Одан әрi мейман және Президент құрметтi қарауыл ротасының салтанатты сап түзеп өтуiн қарау үшiн белгiленген орынға (шатырға) өтедi, бұдан кейiн мейман Президентпен бiрге қысқаша сұхбаттасу үшiн әуежай ғимаратының арнайы бөлiнген бөлмесiне (бұдан әрi - VIР-бөлмесi) өтедi (сұхбаттасу кезiнде шай, сусындар берiледi).
      Осы уақытта ресми делегацияның мүшелерi, бiрге жүретiн адамдар, баспасөз және мейман елiнiң күзетi өкiлдерi әуежай ғимаратының арнайы бөлiнген залы (бұдан әрi - VIР-залы) арқылы өтедi де, орналастыру схемасына сәйкес автомашиналардан орын алады.
      Қысқаша сұхбаттасудан кейiн мейман және Президент автомобильге қарай өтiп, оған жайғасады.
      Автомобильдерде мейман елiнiң және Қазақстан Республикасының автомобильдiк мемлекеттiк тулары орнатылады.
      Кортеж жол полициясының iлесуiмен қалаға бет алады.

Параграф 1.2. Әуежайда Республикалық ұланның құрметтi
қарауылы өтпейтiн қарсы алу рәсiмi

      16. Ұшақ толық тоқтағаннан кейiн Сыртқы iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк протокол қызметiнiң басшысы мен мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi ұшақтың бортына көтерiледi және мейманды сыртқа шығуға шақырады.
      Басқыш алдында мейманды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрi) немесе оның орынбасары, Қазақстан Республикасының бекiтiлген лауазымды тұлғасы (Үкiмет мүшесi) (бұдан әрi - бекiтiлген лауазымды тұлға) тиiстi шетел мемлекетiнде тiркелген, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң басшысы (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi) және қала әкiмi (әкiмнiң орынбасары) қарсы алады.
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады (егер мейманмен зайыбы (жұбайы) бiрге жүрген жағдайда ұлттық киiм киген екi қыз мейманға және зайыбына (жұбайына) гүл ұсынады).

      17. Өзара сәлемдесулерден кейiн Сыртқы iстер министрi (Министрдің орынбасары) қазақстандық тараптан қарсы алған ресми адамдарды мейманға таныстырады. Содан соң мейман Сыртқы iстер министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) бiрге құрметтi қарауыл сапқа тұрған кiлемшенi бойлап, қысқаша сұхбаттасу үшiн әуежай ғимаратының VIP-бөлмесiне өтедi (сұхбаттасу уақытында шай, сусындар берiледi).
      Осы уақытта ресми делегацияның мүшелерi, бiрге жүретiн адамдар, баспасөз және мейман елiнiң күзетi өкiлдерi екiншi басқышпен төмен түсіп, әуежай ғимаратының VIP-залы арқылы өтедi де, орналастыру схемасына сәйкес автомобильдерден орын алады.
      Сыртқы iстер министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) қысқаша сұхбаттасудан кейiн мейман және бекiтiлген лауазымды тұлға автомобильге қарай өтедi және жайғасады. Кортеж жол полициясының iлесуiмен қалаға бет алады.
      Бекiтiлген лауазымды тұлға мейманды тұратын орнына дейiн шығарып салады. Егер мейман зайыбымен (жұбайымен) келсе, оны басқа бекітiлген лауазымды тұлға (тиiстi жыныстағы) қарсы алады және бiрге жүредi.

      18. Мотоциклистердiң құрметтi эскортының бiрге жүруi қолайлы ауа райы жағдайларында ғана және кортеждiң әуежайдан қонақүйге (резиденцияға), қонақүйден (резиденциядан) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақорда" Резиденциясына (бұдан әрi - Президент Резиденциясы) және керiсiнше, қонақүйден (резиденциядан) әуежайға жол жүрген кезде көзделедi.
      Жалпыға ортақ қабылданған халықаралық практикаға сәйкес мейман жүретiн жолдағы қаланың орталық көшелерiнiң 3-4 жерiнде мемлекеттiк тулар мен екi елдiң мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi.

Параграф 2. Президент Резиденциясында қарсы алудың ресми
рәсiмi

      19. Президент Резиденциясында ресми қарсы алудың екi нұсқасы бар:
      1) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтетiн қарсы алудың ресми рәсiмi;
      2) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтпейтiн қарсы алудың ресми рәсiмi.

Параграф 2.1. Президент Резиденциясында қарсы алудың
Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтетiн ресми рәсiмi

      20. Мейманмен бiрге жүретiн ресми адамдар, Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттерiнiң елшiлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi (бұдан әрi - БАҚ) Президент Резиденциясына салтанат басталғанға дейiн 20 минут бұрын келедi.
      Мейманның автомобилi Президент Резиденциясының парадтық басқышына келедi және кiлемшенiң жиегiне тоқтайды, ол жерде мейманды (зайыбымен/жұбайымен) Президент (зайыбымен/жұбайымен) қарсы алады. Өзара сәлемдесулерден кейiн мейман Президенттiң оң жағына тұрады (зайыптары/жұбайлары) сол жақтағы арнайы бөлiнген орынға өтедi).

      21. Құрметтi қарауылдың бастығы мейманға сәлемдiк баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн орындайды (мейман елiнiң мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады). Мемлекеттiк гимндердi тыңдап болғаннан кейiн мейман және Президент кiлемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туына қарай өтедi, оның алдында мейман тоқтап, басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Одан кейiн мейман және Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туынан оң қанатқа дейiн құрметтi қарауыл сапының бойымен өтедi (мейман қарауыл сапына жақын жүредi). Саптың бойымен жүрiп өткеннен кейiн мейман және Президент оларды бiр-бiрiне таныстыру үшiн екi елдiң делегацияларына келедi.
      Содан кейiн мейман және Президент құрметтi қарауыл ротасының салтанатпен өтуiн қарау үшiн Резиденция жанындағы пандустың бiрiнші қабатына көтерiледi.
      Мейман мен Президент Президент Резиденциясына кiредi және лифтiмен үшiншi қабатқа көтерiледi. Олардың соңынан шағын топтағы кездесуге қатысатын екi делегацияның мүшелерi iлеседi.
      Егер мейманмен бiрге зайыбы (жұбайы) жүретiн болса, ресми кездесу рәсiмiнен кейiн Президент Резиденциясының холында екi елдiң мемлекеттiк тулары жанында мемлекеттер басшыларының жұбайларымен бiрге протоколдық суретке түсуi көзделген. Одан кейiн мейманның зайыбы (жұбайы) жеке бағдарламаға сәйкес бөлек кетедi.

Параграф 2.2. Президент Резиденциясында қарсы алу кезiнде
Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтпейтiн ресми рәсiмi

      22. Мейманмен бiрге жүретiн ресми адамдар, Қазақстан Республикасында тiркелген шет мемлекеттер елшiлерi, БАҚ өкiлдерi Президент Резиденциясына салтанат басталғанға дейiн 20 минут бұрын келедi.
      Мейманның автомобилi Президент Резиденциясының парадтық басқышына келедi және кiлемшенiң жиегiне тоқтайды, ол жерде мейманды зайыбымен (жұбайымен) Президент Протоколының басшысы қарсы алады және оларды Президент Резиденциясына шақырады.
      Мейманды зайыбымен (жұбайымен) бiрiншi қабаттағы холда Президент зайыбымен (жұбайымен) қарсы алады. Өзара сәлемдесулерден кейiн мейман және Президент оларды бiр-бiрiне таныстыру үшiн екi елдiң делегацияларына келедi. Одан кейiн Президент мейманды подиумға өтуге шақырады, бұл ретте мейман Президенттiң оң жағына тұрады зайыптары (жұбайлары подиумның оң жағынан арнайы бөлiнген орынға өтедi).

      23. Құрметтi қарауылдың бастығы мейманға сәлемдiк баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн орындайды (мейман елiнiң мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады). Мемлекетiк гимндердi тыңдап болғаннан кейiн мейман және Президент кiлемше жол бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туына қарай өтедi, оның алдында мейман тоқтайды және басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Одан кейiн мейман және Президент тудан оң қанатқа дейiн құрметтi қарауыл сапының бойымен өтедi (мейман қарауыл сапына жақын жүредi). Саптың бойымен жүрiп өткеннен кейiн мейман және Президент лифтiге келедi және үшiншi қабатқа көтерiледi. Олардың соңынан шағын топтағы кездесуге қатысатын екi делегацияның мүшелерi iлеседi.
      Егер мейманмен бiрге зайыбы (жұбайы) жүретiн болса, ресми кездесу рәсiмiнен кейiн екi елдiң мемлекеттiк тулары жанында мемлекеттер басшыларының зайыптарымен (жұбайларымен) бiрге протоколдық суретке түсуi көзделген. Одан кейiн мейманның зайыбы (жұбайы) жеке бағдарламаға сәйкес бөлек кетедi.

Параграф 3. Шағын және кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер

      24. Сыртқы iстер министрлiгi сапарға дейiн кем дегенде 12 жұмыс күні қалған мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (бұдан әрi - Президент Әкiмшiлiгi) 5-қосымшаға сәйкес сұхбаттар мен келiссөздерге қатысты материалдарды жiбередi. Қазақстан тарапынан келiссөздерге қатысушылардың құрамы жөнiндегi ұсыныстарды Сыртқы iстер министрлiгi енгiзедi және Президент Әкiмшiлiгi бекiтедi.
      Президенттiң келiссөздер жүргiзу тәртiбiн Президент Протоколы анықтайды.

      25. Шағын топтағы келiссөздер (тараптардың келiсуi бойынша екеуара кездесуi өткiзiлуi мүмкiн) әрбiр тараптан 2-3 ресми адамдардың қатысуымен өткiзiледi (олардың қатарына, әдетте, екi мемлекеттiң сыртқы iстер министрлерi, мемлекеттер басшыларының көмекшiлерi, мейман елiнің Қазақстан Республикасындағы елшiсi және Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi кiредi). Келiссөздердiң ұзақтығы 30 минуттан бастап 1 сағатқа дейiнгi уақытты құрайды. Протоколдық суретке түсу көзделедi (2-3 минут). Келiссөздер барысында шай, кофе, сусындар берiледi.

      26. Кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер 1+10 үлгiсi бойынша өтеді (тараптардың келiсуi бойынша қатысушылардың ауқымы өзгертiлуi мүмкiн) және 30 минуттан 50 минутқа дейiн созылады. Протоколдық суретке түсу көзделедi (3-5 минут). Келiссөздер барысында шай, кофе, сусындар беріледi (келiсiм бойынша).

Параграф 4. Екiжақты құжаттарға қол қою

      27. Кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер аяқталысымен, әдетте, екi жақты құжаттарға қол қою рәсiмiн өткiзу көзделедi.
      Құжаттарға қол қою кезiнде Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерi қол қойылатын құжаттардың атауларын оқиды және құжаттарға қол қоятын ресми адамдарды қазақ тiлiнде жариялайды қажет болған жағдайда, аудармашы ағылшын тiлiнде немесе мейман елiнiң тiлiнде жариялайды.
      Егер бағдарламада мемлекетаралық және үкiметаралық құжаттарға қол қою көзделсе, бiрiншi болып мемлекетаралық, содан кейiн үкiметаралық құжаттарға қол қойылады (келiсiм бойынша).

      28. Президент және Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды тұлғалар (делегация мүшелерi) құжаттарға қол қойған кезде, оларға Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерi көмектеседi.
      Құжаттарға қол қою аяқталысымен құжаттары бар папкалармен алмасу және қол алысу орын алады. Соңғы құжатқа қол қою аяқталысымен рәсiмге қатысушылар үшiн залға шампан құйылған бокалдар залға әкелiнедi (келiсiм бойынша).

Параграф 5. Баспасөз мәслихаты

      29. Президент баспасөз мәслихатын ашады, журналистерге өткiзiлген кездесулер мен келiссөздер туралы қысқаша хабарлайды, содан кейiн сөз мейманға берiледi, одан соң журналистер сұрақтар қояды. Сұрақтардың саны алдын ала келiсiледi (орташа алғанда әрбiр тараптан екi сұрақ).
      Баспасөз мәслихаты барысында аудармашылар сөйленетiн сөздердiң, сұрақтар мен жауаптардың аудармасын қамтамасыз етедi, бұл ретте әрбiр аудармашы өз елi өкiлдерiнiң сөздерiн аударады.

Параграф 6. Ресми қабылдау

      30. Шетел мемлекетi басшысының сапары бағдарламасы шеңберiнде Президент атынан ресми қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) ұйымдастыру көзделедi.
      Шетелдiк және қазақстандық тараптардың қабылдауға қатысатын құрамы бойынша ұсыныстарды Президент Әкiмшiлiгiнiң бекiтуi үшiн Сыртқы iстер министрлiгi енгiзедi.
      Мейман зайыбымен (жұбайымен) бiрге келген жағдайда ресми қабылдауға Президенттiң зайыбы/жұбайы қатысады (келiсiм бойынша).

      31. Залды ресми қабылдауға протоколдық дайындау мыналарды көздейдi:
      үстелдерде орналастыру схемасына сәйкес қатысушылардың аты-жөнi көрсетiлген куверткалардың болуы;
      барлық үстелдерде дастархан мәзiрi мен музыкалық бағдарламалардың болуы;
      музыкалық сүйемелдеу (шектi квартет және халық ансамблi);
      тостарға арналған микрофондардың болуы.

      32. Қажет болған жағдайда үстелдерге тостардың жазбаша аудармалары қойылады (мұндай жағдайда тост айтылған кезде ауызша аударма жасалмайды).
      Қабылдауға ресми делегациялардың мүшелерi және бiрге жүретiн адамдардың бiр бөлiгi қатысады.
      Tocтap қабылдаудың басында айтылады, бұл ретте бiрiншi тосты Президент айтады, содан кейiн жауап тocт айтып, мейман сөз сөйлейдi. Тостың ұзақтығы 3-4 минут. Тостар алмасу кезiнде мейманның және Президенттiң жеке операторлары мен фотографтарының протоколдық суретке түсiруi және бейнетүсiрiлiмi көзделедi.

      33. Қабылдау кезiнде аудармашылар мейман мен Президенттiң сырт жағынан орын алады. Егер мейманның Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасы немесе орденi болған жағдайда, ол ордендi немесе награданы пиджактың өңiрiне таға алады.
      Ресми қабылдаудың музыкалық бағдарламасы Қазақстанның әндерін, сондай-ақ мейман елiнiң әуендерi мен әндерiн қамтиды.
      Ресми түскi астың орташа ұзақтығы 1,5-2 сағат.
      Қабылдау уақытында бiрге жүретiн адамдар үшiн (протокол қызметкерлерi және күзет офицерлерi үшiн) "техникалық үстел" ұйымдастыру көзделедi.

Параграф 7. Отан қорғаушылар монументiне гүл себетiн (гүл
шоғын) қою және Мемлекеттер басшылары аллеясына
ағаш отырғызу рәсiмi

      34. Мейман бекiтiлген лауазымды тұлғамен бiрге Отан қорғаушылар монументiне келедi. Мейманды Монументтiң жанында Республикалық ұланның Қолбасшысы (Қолбасшының орынбасары) және Астана қаласының әкiмi (әкiмнiң орынбасары) қарсы алады.
      Салтанатты-рәсiмдiк музыка ойнайды. Делегация сапқа тұрады, сонымен бiр мезгiлде себеттi (гүл шоғын) көтерген жетекшi офицер мен ұландықтар Монументке қарай қозғалады. Монументтiң iргесiне гүл себетiн (гүл шоғын) қойғаннан кейiн мейман гүлдерi бар себетке (гүл шоғына) жақындайды және лентасын түзейдi. Содан кейiн екi елдiң мемлекеттiк гимндерi орындалады. Мейман елiнiң мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады.

      35. Бұдан кейiн Астана қаласының әкiмi (әкiмнiң орынбасары) мейманды Монумент кешенiмен таныстырады. Кешендi қарап болғаннан кейiн мейман Республикалық ұланның Қолбасшысымен (Қолбасшының орынбасарымен) бiрге құрметтi қарауыл ротасының салтанатты түрде өтуiн қарау үшiн арнайы бөлiнген орынға келедi.
      Одан кейiн мейман Астана қаласының әкiмiмен (әкiмнiң орынбасарымен) бiрге ағаш отырғызу орнына бағыт алады. Ағаш отырғызу рәсiмi аяқталысымен делегация кортежге бағыт алады да жүрiп кетедi.

Параграф 8. Ел iшiндегi сапар

      36. Мейман ресми сапар бағдарламасының шеңберiнде тiлегi бойынша ел iшiне сапарға шығуы мүмкiн (техникалық аялдамаларды қоспағанда, елордаға қайта айналып соқпастан).
      Мейманның Қазақстан Республикасында болуы, әдетте, үш күннен аспайды.
      Ел iшiндегi сапарда: бекiтiлген лауазымды тұлға, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi және Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi Шетел мемлекетiнiң басшысымен бiрге жүредi.
      Сапар бағдарламасын даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк протокол қызметiнiң және Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiнен тұратын жұмыс тобы облысқа жiберiледi.

      37. Әуежайда мейманды облыс әкiмi (әкiмнiң орынбасары) және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi (әкiмнiң орынбасары) қарсы алады және шығарып салады. Әуежайдың ұшу алаңында екi елдiң мемлекеттiк тулары орнатылады.
      Шетел мемлекетi басшысының болу бағдарламасы облыстың (қаланың) тарихи, мәдени және әлеуметтiк орталықтарымен танысуды және облыстың (қаланың) әкiмi атынан қабылдау өткiзудi көздейдi.

Параграф 9. Әуежайда шығарып салу рәсiмi

      38. Әуежайда мейманды шығарып салу рәсiмiне Сыртқы iстер министрi (Министрдiң орынбасары), бекiтiлген лауазымды тұлға, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi және қала әкiмi (әкiмнiң орынбасары) қатысады.
      Мейман әуежайға келiсiмен қысқаша сұхбаттасу үшiн Сыртқы iстер министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) бiрге VIP-бөлмеге өтедi.
      Осы уақытта мейман елi делегациясының мүшелерi ұшу алаңына өтедi және екiншi басқышпен ұшаққа көтерiледi.

      39. Қысқаша сұхбаттасудан кейiн мейман Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелерiмен қоштасады, құрметтi қарауыл сап түзеп тұрған кiлемшенiң бойымен басқышқа өтедi.
      Басқыш жанында қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады.

Параграф 10. Естелiк сыйлықтар

      40. Мемлекеттiк және ресми сапарлар барысында мейманға және мейман елi делегациясының мүшелерiне Президент атынан естелiк сыйлықтар беру көзделедi.
      Делегация мүшелерiне сыйлықтар тапсыру екi елдiң протоколдық қызметтерi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Шетел мемлекеттерi басшыларының жұмыс бабындағы
сапарлары

Параграф 1. Әуежайда қарсы алу (шығарып салу)

      41. Әуежайда мейманды Сыртқы iстер министрi (Министрдiң орынбасары), бекiтiлген лауазымды тұлға, қала әкiмi (әкiмнiң орынбасары), мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi қарсы алады және шығарып салады.
      Әуежайда ұшу алаңы жағынан екi елдiң мемлекеттiк тулары көтерiледi. Ұшақ басқышынан бастап әуежай ғимаратына дейiн Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi салтанатты киiм үлгiсiнде сап түзейдi.
      Бекiтiлген лауазымды тұлға автомашинамен қонақүйге (резиденцияға) дейiн мейманмен бiрге жүредi.

Параграф 2. Келiссөздер, сұхбаттар, құжаттарға қол қою

      42. Сыртқы iстер министрлiгi жұмыс бабындағы сапардың мақсатын ескере отырып, шетелдiк және қазақстандық тараптан ресми келiссөздер мен сұхбаттасуларға қатысушылардың құрамын Президент Әкiмшiлiгiмен келіседі, материалдарды және құжаттарды 5-қосымшаға сәйкес қол қоюға дайындайды.
      Шетел мемлекетi басшысының жұмыс бабындағы сапары аясында қазақстандық ресми тұлғалармен жеке келiссөздер жүргiзуi, бiрлескен құжаттарға қол қоюы, БАҚ үшiн мәлiмдеме жасауы мүмкiн.

Параграф 3. Қабылдау

      43. Жұмыс бабындағы сапардың бағдарламасында Шетел мемлекетi басшысының құрметiне қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкі ас) көзделедi.
      Шетелдiк және қазақстандық тараптан қатысушылардың құрамын Сыртқы iстер министрлiгi Президент Әкiмшiлiгiмен келiседi.
      Қабылдауда қысқаша сөз айтылуы мүмкiн (келiсiм бойынша).
      Гүл себетiн (гүл шоғын) қою, елорда объектiлерiне бару, ел iшiнде сапарға шығу сияқты iс-шаралар сапар бағдарламасына мейманның тiлегi бойынша енгiзiледi.

3-тарау. Жол-жөнекей сапарлар

      44. Басқа елдерге бара жатқан жолында ұшағы Қазақстан Республикасының әуежайларына қонатын кезде Шетел мемлекетiнiң басшысын Қазақстан Республикасының ресми лауазымды тұлғасы (тапсырма бойынша), Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, облыс (қала) әкiмiнiң орынбасары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қарсы алады.
      Мейман елiнiң мемлекеттiк туы көтерiлмейдi, Республикалық ұланның шерулiк бөлiмi сапқа тұрғызылмайды.
      Шетел мемлекетi басшысының Қазақстан Республикасында болу ұзақтығына байланысты ол қонақүйге (резиденцияға) орналастырылуы мүмкiн.

      45. Резиденцияның немесе қонақүйдiң үстiне мейманның мемлекеттiк туы немесе жеке байрағы iлiнедi.
      Сапар аясында мейманның тiлегi бойынша, әуежайда немесе қалаға келіп, ел басшылығымен немесе Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мүшесiмен кездесуi көзделедi.
      Мейманның құрметiне қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ac) ұйымдастырылуы мүмкiн.

4-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке мейманы
ретiндегi сапарлар

      46. Президенттiң жеке шақыруы бойынша келетiн шетелдiң мемлекет, саясат, қоғам, мәдениет және спорт қайраткерлерi сапарларының ауқымы, протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету және олардың сапарларының бағдарламасы Мемлекет басшысының пәрменiмен айқындалады.
      Әуежайда мейманды Президенттiң өкiлi қарсы алады (шығарып салады).

5-тарау. Бейресми сапарлар

      47. Шетел мемлекеттерi басшыларының бейресми сапарларының ауқымы, протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бағдарламасы Президенттiң пәрменiмен айқындалады.
      Шетел мемлекетi басшысының бейресми сапарын өткiзу кезiнде делегацияны қонақүймен, автокөлiкпен, жеке күзетпен қамтамасыз ету көзделедi.

3-бөлiм. Сайланған Қазақстан Республикасы Президентiнiң
қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмiн дайындау мен
өткiзу тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      48. Сайланған Президенттiң қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмi (ұлықтау) ол сайланған жылдан кейiнгi жылғы қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде өткiзiледi.
      Ұлықтау Астана қаласында, Президент Резиденциясында өткiзiледi.

2-тарау. Ұлықтауға қатысатын адамдар

      49. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлықтауға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қос Палатасының депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мүшелерi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттерi қатысады.

      50. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы және Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi, өзге де орталық мемлекеттiк органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, шетел мемлекеттерiнiң және үкiметтерiнiң басшылары, Қазақстанда тiркелген дипломатиялық миссияларының өкiлдерi, Қазақстанның және халықаралық қоғамдастықтың, отандық және шетелдiк БАҚ өкiлдерi қатысуға хақылы.

3-тарау. Ұлықтауды дайындау мен өткiзу тәртiбi

      51. Ұлықтауға дейiнгi дайындық iс-шаралары сайланған Республика Президентiн тiркегеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн, сайланған Қазақстан Республикасы Президентiнің қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмiн дайындау мен өткiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Салтанаттың басталғаны туралы диктор хабарлайды.
      Содан кейiн мерекелiк фанфарлар шырқалады.
       Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң шерулiк топтары марш әуенiмен ұлықтау өткiзiлетiн залға Қазақстан Республикасының Мемлекетi туын , Президенттiң байрағын және Қазақстан Республикасының  Конституциясын әкеледi.

      52. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап, қызметiне кiрiседi деп хабарлайды.
      Сайланған Президент Қазақстан халқына ант берген кезде Қазақстан Республикасының Конституциясына оң қолын қойып, мемлекеттiк тiлде Конституцияда белгiленген анттың мынадай мәтiнiн оқиды: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн.".
      Ант берiлгеннен кейiн қызметiне кiрiскен Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туына келiп, оның матасының шетiнен сүйедi.
      Содан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi орындалады.
      Президент Резиденциясының үстiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiледi.

      53. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өткен сайлау қорытындылары бойынша сайланған Президентке сөз арнайды және оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, кеудеге тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын Қыран" орденiн тапсырады.
      Егер бiр тұлға Қазақстан Республикасының Президентi болып екiнші өкiлеттiк мерзiмге сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің кеудеге тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.

      54. Қызметiне кiрiскен Президент сөз сөйлейдi, одан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң баянатын қабылдайды.
      Президент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскерлерiнiң түрлерi мен тектерiнiң шерулiк топтарына ықылас бiлдiредi.
      Қызметiне кiрiскен Президенттiң алдынан Қарулы Күштер әскерлерiнің түрлерi мен тектерiнiң шерулiк топтары салтанатты маршпен құрмет көрсетіп өтедi.
      Ұлықтау артиллериядан дүркiндете атумен қошеметтелiп тұрады.
      Рәсiмнiң аяқталғаны туралы диктор хабарлайды.

4-бөлiм. Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелдiк және
ел iшiндегi сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз
ету

1-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелдiк
сапарлары

      55. Президенттiң шетелге сапарлары ауқымы бойынша мемлекеттiк, ресми, жұмыс бабындағы, қабылдаушы Мемлекет басшысының жеке мейманы ретiндегi сапарлар, бейресми сапарлар және жол-жөнекей сапарлар болып бөлiнедi.
      Президенттiң шетелдiк сапарларын өткiзу мерзiмдерiн Сыртқы iстер министрлiгi келiседi. Сапарды ұйымдастыру үшiн шетел мемлекетiне құрамына Қазақстан Республикасының Президентi Протоколының , Баспасөз қызметiнiң және Күзет қызметiнiң , сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлдерi енетiн жұмыс тобы жiберiледi.
      Президент шетел мемлекетiне (шетел мемлекетiнен) кеткен (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - Премьер-Министр), Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және қала әкiмi қатысады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ел iшiндегi
сапарлары

      56. Президенттi Астана қаласының әуежайында шығарып салуға (қарсы алуға) Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және Астана қаласының әкiмi, ал өңiрлерде - облыс әкiмi, республикалық маңызы бар қаланың әкiмi және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi қатысады.
      Әуежайда және баратын орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тулары iлiнедi. Мемлекет басшысының автокөлiгiнде және резиденциясында Президент байрақтары орнатылады.
      Ұшақтың басқышында қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз Президентке гүл ұсынады (егер Мемлекет басшысымен зайыбы (жұбайы) бiрге жүрген жағдайда) қазақтың ұлттық киiмдерiн киген қыз бен бозбала Президентке және зайыбына (жұбайына) гүл ұсынады).

      57. Президенттiң жұмыс бабындағы сапар бағдарламасын дайындау және қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi жерлерге алдын ала Қазақстан Республикасы Президентi Протоколының, Баспасөз қызметi мен Күзет қызметiнiң қызметкерлерi барады.
      Президенттiң ел iшiндегi жұмыс сапарлары мен жол жүруi кезiнде бiрқатар протоколдық iс-шараларды өткiзу көзделедi (келiсiм бойынша).

Параграф 1. Жаңа объектiнi ашу

      58. Объектiнiң аумағына президенттiк кортеж келiсiмен Президенттi объектiнiң басшысы және шақырылған ресми адамдар қарсы алады (объектiде жұмыс iстейтiн басшы мен қызметкерлерде тегi, аты, әкесiнiң аты және атқаратын қызметi көрсетiлген бейдждер мiндеттi түрде болуға тиiс).
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз Президентке гүл ұсынады (келісiм бойынша).
      Республикалық маңызы бар iрi объектiлердi ашқан жағдайда Мемлекет басшысы келiсiмен подиумға шақырылады. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiгiнiң (агенттiгiнiң, ведомствосының) (бұдан әрi - министрлiк) басшысы қысқаша сөз сөйлеп, рәсiмдi ашады және Президентке сөз бередi.
      Содан кейiн министрлiктiң басшысы Мемлекет басшысын лентаны қию рәсiмiне шақырады.

      59. Мемлекет басшысы Мемлекеттiк ту түстес тартылған лента жанына келедi, қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз табақшадағы қайшыны Президентке ұсынады (келiсiм бойынша).
      Лентаны қиғаннан кейiн объектi қаралады, оның барысында министрлiктiң немесе объектiнiң басшысы қажеттi түсiнiктер бередi.

Параграф 2. Объектiлерге бару

      60. Президенттiң кортежi белгiленген орынға (кiлем жанына) келiп тоқтайды, ол жерде оны облыстың (қаланың) әкiмi және объектiнiң басшысы қарсы алады (объектi басшысы мен қызметкерлерде тегi, аты, әкесiнiң аты және атқаратын қызметi көрсетiлген бейдждер мiндеттi түрде болуға тиiс).
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз Мемлекет басшысына гүл ұсынады (келiсiм бойынша).
      Қысқаша құттықтаудан кейiн объектiнiң басшысы Президенттi объектiні қарауға шақырады, оның барысында қажеттi түсiнiктер берiледi.
      Объектiнi қарау барысында Мемлекет басшысының еңбек ұжымымен сұхбаттасуы көзделедi (келiсiм бойынша).

Параграф 3. Гүл шоғын (гүл себетiн) қою рәсiмi

      61. Гүл шоғы (гүл себетi), мемлекеттiк тiлде "Қазақстан Республикасының Президентi атынан" деген жазуы бар лентамен ресiмделедi.
      Гүл шоғын (гүл себетiн) қою рәсiмiн өткiзу орнына президенттiк кортеж келiсiмен президенттiк фанфарлар шырқалады.

      62. Мемлекет басшысы гүл шоғына (гүл себетiне) келедi, сонымен бір мезгiлде гүл шоғын (гүл себетiн) көтерушi жетекшi офицер мен екi әскери қызметшiлер естелiк орнына (ескерткiш, мемориал, стела және т.б.) қозғала бастайды. Рәсiмдiк музыка ойнайды. Әскери қызметшiлер гүл шоғын (гүл себетiн) естелiк орнының iргесiне қояды. Мемлекет басшысы гүл шоғына (гүл себетiне) келiп лентаны түзейдi және арнайы бөлiнген орынға (кiлемге) оралады.
      Бір минут үнсіздік.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi орындалады (сөзi айтылмайтын қысқаша нұсқасы).
      Рәсiмнiң аяқталуы.

Параграф 4. Концерттерге (спектакльдерге) бару

      63. Концерт (спектакль) өткiзiлетiн орынға президенттiк кортеж келiсiмен Президенттi шақырылған ресми адамдар қарсы алады.
      Президент қонақ бөлмеге шақырылады.
      Осы уақытта бiрге жүретiн адамдар залға өтедi және протоколдық орналастыру схемасына сәйкес өз орындарына жайғасады.
       Президент Протоколының бастығы Мемлекет басшысын залға өтуге шақырады.
      Концерт (спектакль) аяқталғаннан кейiн смокинг киген ер адам сахнаға Президенттiң дерек карточкасы бар гүл себетiн шығарады.

Параграф 5. Ескерткiштi ашу

      64. Ескерткiш алдындағы алаңда шақырылған ресми адамдар, жұртшылық өкiлдерi тұрады. Тақырыптық әуен ойнайды.
      Президент кортежi ескерткiштiң ашылу орнына келедi. Оны облыстың (қаланың) әкiмi және басқа да шақырылған ресми адамдар қарсы алады.
      Диктор салтанаттың ашылуы туралы жариялайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi орындалады (сөзi айтылмайтын қысқаша нұсқасы). Осыдан кейiн Президентке сөз берiледi.
      Бағдарламаға сәйкес басқа да шығып сөйлеушiлер болуы мүмкiн.
      Облыс әкiмi Мемлекет басшысын ескерткiштi ашуға шақырады, содан кейiн ескерткiштiң iргесiне гүл себетi (гүл шоғы) қойылады.
      Ашылу салтанатының аяқталуы.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жұмыс
бабындағы кездесулерi

      65. Президенттiң шетел мемлекеттерiнiң саяси және iскер топтарының өкiлдерiмен жұмыс бабындағы кездесулерiн Президент Әкiмшiлiгi белгiленген тәртiппен жоспарлайды, келiседi және қамтамасыз етедi.
      5-қосымшаға сәйкес ақпараттық-талдау материалдарын, сондай-ақ шетелдiк және қазақстандық тараптардан кездесуге қатысушылардың құрамы жөнiндегi ұсыныстарды Сыртқы iстер министрлiгi кездесу өткiзуден 5 күн бұрын Президент Әкiмшiлiгiне енгiзедi.
      Президенттiң кездесу тәртiбiн Президент Протоколы айқындайды .

5-бөлiм. Шетел мемлекеттерi үкiметтерi басшыларының Қазақстан
Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды
қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi үкiметтерi басшыларының ресми
сапарлары

      66. Шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi басшыларын қабылдау тәртiбi 4-қосымшада келтiрiлген.
      Шетел мемлекеттерiнiң үкіметтері басшылары (бұдан әрi - Үкiмет басшысы) қатысатын протоколдық iс-шаралар елдердiң мемлекеттiк құрылымдары ескерiле отырылып өткiзiледi (мәселен, басқарудың парламенттiк нысаны бар шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi басшылары келген жағдайда, оларды қабылдау шетел мемлекеттерi басшыларын қабылдау протоколына сәйкес жүзеге асырылады).
      Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары iлiнедi. Әуежай ғимаратында Қазақстан Республикасының және мейман елiнiң мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi. Ұшу алаңында Республикалық ұланның құрметтi қарауылы сап түзейдi.

      67. Ұшақ басқышында Үкiмет басшысын Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары) (екi жақты үкiметаралық комиссия болған жағдайда - тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы), Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) және Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары қарсы алады/шығарып салады. Мейман зайыбымен/жұбайымен бiрге келген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Министрi немесе Министрдiң орынбасары зайыбымен/жұбайымен қарсы алады/шығарып салады және бiрге жүредi.
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады (мейман зайыбымен/жұбайымен келген жағдайда, қазақтың ұлттық киiмдерiн киген екi қыз мейманға және зайыбына/жұбайына гүл ұсынады).

      68. Өзара сәлемдесулерден кейiн Үкiмет басшысы Қазақстан Республикасы Министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) - тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасымен (ол болған жағдайда), Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарымен бiрге құрметтi қарауыл сап түзеп тұрған кiлемшенiң бойымен жүрiп қысқаша сұхбаттасу үшiн әуежай ғимаратының VIP-бөлмесiне өтедi (сұхбат уақытында шай, сусындар берiледi).
      Осы уақытта ресми делегация мүшелерi, бiрге жүретiн адамдар, мейман елiнiң баспасөз және күзет өкiлдерi екiншi басқышпен төмен түседi, әуежай ғимаратының VIP-залы арқылы өтедi және жайғасу схемасына сәйкес автомашиналардан орын алады.
      Қысқаша сұхбаттан кейiн Қазақстан Республикасының Министрiмен (Министрдiң орынбасарымен), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасымен (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарымен мейман бiрге жүредi және автомашинаға отырады. Мейманның автомобилiнде мейман елiнiң автомобильдiк мемлекеттiк туы орнатылады.
      Кортеж жол полициясымен бiрге қалаға бет алады.
      Жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық практикаға сәйкес қаланың мейманның жүрер жолындағы орталық көшелерiнiң 3-4 жерiнде мемлекеттiк тулар және екi елдiң мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi.

      69. Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары мейманмен автомашинада қонақүйге (резиденцияға) дейiн бiрге жүредi.
      Мейманның қонақүйiнiң (резиденциясының) үстiнде оның елiнiң Мемлекеттiк туы көтерiледi.
      Үкiмет басшысының ресми сапары бағдарламасының аясында: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiссөздер; екi жақты құжаттарға қол қою (қажет болған жағдайда); баспасөз мәслихаты; ресми қабылдау; Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғаларымен кездесулер мен сұхбаттар (келiсiм бойынша) жүргiзiледi, сондай-ақ мейманның тiлектерiн ескере отырып, басқа да iс-шаралар ұйымдастырылады.
      Қазақстандық тараптан келiссөздерге қатысушылардың құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Премьер-Министрдiң Кеңсесi бекiтедi.
      Үкiмет басшысы сапарының бағдарламасында Президентпен сұхбаттасу көзделедi (келiсiм бойынша).

      70. Үкiмет басшысының тiлегi бойынша сапар бағдарламасында ел iшiндегi сапар көзделуi мүмкiн. Мейманмен сапарда Қазақстан Республикасының министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) бiрге жүредi.
      Ресми сапарлар барысында мейманға және делегация мүшелерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) атынан екi елдiң протоколдық қызметтерi арқылы естелiк сыйлықтар беру көзделедi.
      Мейман зайыбымен/жұбайымен келген жағдайда ол үшiн елде болудың жеке бағдарламасы көзделедi.

2-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi басшыларының жұмыс
бабындағы сапарлары

      71. Yкiметтер басшыларының жұмыс бабындағы сапарларын өткiзу кезiнде Премьер-Министрмен келiссөздер жүргiзудi, бiрлескен құжаттарға қол қоюды, баспасөз мәслихатын және қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) ұйымдастыруды көздейтiн болу бағдарламасы жасалады.
      Әуежайда Yкiмет басшысын Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) қарсы алады және шығарып салады.
      Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары iлiнедi. Ұшу алаңында Республикалық ұланның құрметтi қарауылы сап түзейдi.
      Мейманның резиденциясының үстiнде оның елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.

3-тарау. Жол-жөнекей сапарлар

      72. Yкiмет басшысы Қазақстан Республикасында болу ұзақтығына байланысты қонақүйде (резиденцияда) орналастырылуы мүмкiн.
      Қонақүйдiң (резиденцияның) үстiнде мейман елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.
      Сапар барысында, мейманның тiлегi бойынша, әуежайда немесе қалаға шығып Премьер-Министрмен немесе Yкiмет мүшесiмен кездесуi көзделедi.
      Мейманның және онымен бiрге жүрген адамдардың құрметiне қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) ұйымдастырылуы мүмкiн.
      Әуежайда қарсы алуға және шығарып салуға Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары және мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсі қатысады.

4-тарау. Бейресми сапарлар

      73. Бейресми сапарды өткiзу барысында мейманның тiлегi бойынша, Үкiмет мүшелерiмен кездесулер және сұхбаттар жоспарлануы мүмкiн.
      Шетел мемлекетi Үкiметiнiң басшысын әуежайда Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қарсы алады (шығарып салады).

6-бөлiм. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шетелдiк
және ел iшiндегi сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды
қамтамасыз ету

1-тарау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шетелдiк
сапарлары

      74. Сыртқы iстер министрлiгi Премьер-Министрдiң шетел мемлекеттеріне сапарының мерзiмдерiн келiседi. Сапарды ұйымдастыру үшiн, қажет болса, сол елге құрамына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң , Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарының өкiлдерi енетiн жұмыс тобы жiберiледi.
      Премьер-Министрдi әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы қатысады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ел
iшiндегi сапарлары

      75. Премьер-Министрдiң ел iшiндегi жұмыс сапары бағдарламасында мынадай iс-шаралар өткiзу көзделедi: Астана қаласында және жергiлiктi жерлерде шығарып салу (қарсы алу), өнеркәсiптiк және басқа да әлеуметтік маңызды объектiлерге бару.
      Ұйымдастыру мәселелерiн шешу және Премьер-Министрдiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн өңiрлерге Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет қызметiнiң жұмыс тобы күнi бұрын жiберiледi.
      Премьер-Министр жұмыс бабындағы сапарға шыққан (келген) кезiнде шығарып салуға (қарсы алуға) Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы, жергiлiктi жерлерде - облыс әкiмi және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi қатысады.
      Ел iшiндегi сапар уақытында рәсiмдiк сипаттағы iс-шаралар өткiзiлмейдi.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң жұмыс
бабындағы кездесулерi

      76. Премьер-Министр қатысатын iс-шаралар, оның iшiнде шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiмен жұмыс бабындағы кездесулерiн және сұхбаттарын белгiленген тәртiппен Сыртқы iстер министрлiгi мен Премьер-Министр Кеңсесі жоспарлайды, келiседi және қамтамасыз етедi.

7-бөлiм. Шетел мемлекеттерi орталық өкiлдi органдары
басшыларының, мемлекеттiк хатшыларының, сыртқы саясат
ведомстволары басшыларының, үкiмет басшылары орынбасарларының
Қазақстан Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды
қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi орталық өкiлдiк органдары
басшыларының сапарлары

      77. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң (оның палаталарының) шақыруы бойынша шетел мемлекеттерi орталық өкiлдi органдары басшыларының (бұдан әрi - Парламент басшысы) сапарлары Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары бекіткен бағдарламалардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Сапардың бағдарламасында кездесулер мен сұхбаттарды, баспасөз мәслихатын өткiзу, ресми қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) мейманның тiлегi бойынша - театрға баруды, басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.
      Әуежайда қарсы алу (шығарып салу) кезiнде екi елдiң мемлекеттік тулары көтерiледi.
      Қарсы алуға (шығарып салуға) Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламент Палатасының Халықаралық iстер жөнiндегi комитетiнiң төрағасы және мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсі қатысады.
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл тапсырады (мейман зайыбымен/жұбайымен бiрге жүрген жағдайда, ұлттық киiмдер киген екi қыз мейманға және зайыбына/жұбайына гүл ұсынады).
      Қонақүйдiң (резиденцияның) үстiнде мейман елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.
      Сапар барысында мейманға және делегация мүшелерiне Парламенттiң тиiстi Палатасының протоколдық қызметi арқылы естелiк сыйлықтарды тапсыру көзделедi.

      78. Мейман зайыбымен/жұбайымен келген жағдайда ол үшiн елде болудың жеке бағдарламасы көзделедi.
      Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелi қонақтардың қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қамтамасыз етуi мүмкiн. Мұндай жағдайда бастамашы шетел делегациясы басшысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентінiң Күзет қызметiне тапсыру ұсынысы бар хатты Президент Әкiмшiлiгi Басшысының атына жолдайды.

2-тарау. Шетел мемлекеттерi мемлекеттiк хатшыларының
сапарлары

      79. Мемлекеттiк хатшылар қатысатын протоколдық iс-шаралар шетел мемлекетiнiң конституциялық құрылымындағы мемлекеттiк хатшының мәртебесiне байланысты жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының шақыруы бойынша келетiн шетел мемлекеттерi мемлекеттiк хатшыларының сапарлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының Хатшылығында бекiтiлетiн бағдарламаның негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бағдарламада, әдетте, тиiстi кездесулер мен сұхбаттарды өткiзу, қабылдауды (түскi асты, таңертеңгiлiк асты) және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру (мейманның тiлегi бойынша) көзделедi.
      Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы ресми адамдарының құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының Хатшылығы белгiлейдi.
      Делегацияны қабылдау деңгейi мен оған қызмет көрсету шақырудың сипаты, сондай-ақ өзара сыйластық қағидаты ескерiлiп белгiленедi.

3-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi басшылары
орынбасарларының сапарлары

      80. Үкiметтiң шақыруы бойынша келетiн шетел мемлекеттерiнің үкiметтерi басшылары орынбасарларының сапарлары Премьер-Министрдің Кеңсесi бекiткен бағдарламаның негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бағдарламада тиiстi кездесулер мен сұхбаттарды, баспасөз мәслихаттарын өткiзу, қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.
      Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының ресми адамдарының құрамын Премьер-Министр Кеңсесi анықтайды.
      Делегацияны қабылдау деңгейi мен оған қызмет көрсету шақырудың сипатын және өзара сыйластық қағидатын ескере отырып белгiленедi.
      Қарсы алуға (шығарып салуға) Премьер-Министр Кеңсесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының ресми адамдары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қатысады.

4-тарау. Шетел мемлекеттерi сыртқы саясат ведомстволары
басшыларының сапарлары

      81. Шетел мемлекетiнiң сыртқы саясат ведомствосы басшысының ресми сапарлары кезiнде мейманды әуежайда Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, (Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы), мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) қарсы алады/шығарып салады.
      Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары iлiнедi.
      Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары (Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы) әуежайдан қонақүйге (резиденцияға) дейiн автокөлiкте мейманмен бiрге жүредi. Автомобильде мейман елiнiң мемлекеттiк туы орнатылады.
      Егер мейман зайыбымен/жұбайымен келсе, ол үшiн жеке бағдарлама көзделедi.
      Жұмыс бабындағы сапарлар мен жол-жөнекей сапарлар кезiнде мейманды әуежайда Сыртқы iстер министрлiгi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы және Мемлекеттiк протокол қызметiнiң қызметкерi қарсы алады (шығарып салады).

      82. Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысымен шетел мемлекеттерi сыртқы саясат ведомствосы басшыларының елде болған уақытындағы қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қамтамасыз етедi.
      Сапардың сипаты мен мақсатын ескере отырып, Шетел мемлекетi сыртқы саясат ведомствосы басшысының елде болу бағдарламасында Қазақстан Республикасы Президентiмен, Премьер-Министрiмен, Парламент палаталары төрағаларымен және басқа да ресми адамдармен кездесулерi көзделуi мүмкiн.
      Шетел мемлекетi Сыртқы саясат ведомствосының басшысы сапарының бағдарламасында келiссөздер, кездесулер және сұхбаттар, баспасөз мәслихаты, ресми қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас), сондай-ақ мейманның тiлектерiн ескере отырып, басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.

      83. Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының ресми адамдарының құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi анықтайды және Сыртқы iстер министрi бекiтедi.
      Ресми сапарлар барысында, мейманның қалауы бойынша, сапардың бағдарламасында ел iшiне сапарға шығу көзделуi мүмкiн. Сапарда шетел мемлекетiнiң сыртқы саясат ведомствосының басшысымен мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерлерi бiрге жүредi.
      Сапар кезiнде мейманға және делегация мүшелерiне естелiк сыйлықтар тапсыру көзделедi.

8-бөлiм. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары
төрағаларының, Мемлекеттiк хатшысының, Сыртқы iстер
министрiнiң шетелдiк және ел iшiндегi сапарларын
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары
төрағаларының шетелдiк сапарлары

      84. Шетелге бара жатқан Қазақстан Республикасының Парламентi Палатасының Төрағасын әуежайда Парламенттiң тиiстi Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламенттiң тиiстi Палатасының Халықаралық iстер жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, Парламенттiң тиiстi Палатасы аппаратының жетекшiсi шығарып салады (қарсы алады).
      Парламент Палатасы Төрағасының шетелдегi сапарының бағдарламасы осы елде тiркелген Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң қатысуымен жасалады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының
шетелдiк сапарлары

      85. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы шетелге/шетелден шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы хатшылығының меңгерушiсi және Мемлекеттiк хатшының көмекшiсi қатысады.
      Сапар бағдарламасы баратын елде тiркелген Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiмен бiрлесiп жасалады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң
шетелдiк сапарлары

      86. Сыртқы iстер министрi ресми сапармен шетелге/шетелден шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Сыртқы iстер министрлiгi Мемлекеттiк протокол қызметiнiң бастығы, Сыртқы iстер министрiнiң көмекшiсi қатысады.

4-тарау. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары
төрағаларының ел iшiндегi сапарлары

      87. Өңiрлерге бара жатқан Парламент Палатасының Төрағасын әуежайда Парламенттiң тиiстi Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламенттiң тиiстi Палатасының Аппарат басшысы шығарып салады (қарсы алады). Жергiлікті жерлерде - облыс әкiмi және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi.

5-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының ел
iшiндегi сапарлары

      88. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының ел iшiндегi жұмыс сапарлары кезiнде Астана қаласында және жергiлiктi жерлерде шығарып салу (қарсы алу), сапар бағдарламасын жасау сияқты бiрқатар протоколдық iс-шараларды жүргiзу және қамтамасыз ету көзделедi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысын жұмыс сапарларына (жұмыс сапарларынан) шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы Хатшылығының меңгерушiсi және Мемлекеттiк хатшының көмекшiсi қатысады.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы өңiрге (өңiрден) келген (кеткен) кезде оны облыс әкiмi (әкiмнiң орынбасары) және облыстық маңызы бар қала әкiмi қарсы алады (шығарып салады).

6-тарау. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары
төрағаларының жұмыс бабындағы кездесулерi

      89. Парламент Палаталарының Төрағалары қатысатын iс-шараларды, оның iшiнде шетел мемлекеттерi өкiлдерiмен жұмыс бабындағы кездесулерi мен сұхбаттарын белгiленген тәртiппен Парламенттiң тиiстi палаталарының аппараттары жоспарлайды, келiседi және қамтамасыз етедi.

7-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының жұмыс
бабындағы кездесулерi

      90. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы қатысатын ic-шараларды, оның iшiнде шетел мемлекетi өкiлдерiмен кездесулерiн және сұхбаттарын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығы жоспарлайды, келiседi және қамтамасыз етедi.
      Осы Бөлiмде көрсетiлген лауазымды тұлғалардың шетелдiк және ел iшiндегi сапарлары кезiнде протоколдық iс-шараларды және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мәселелерiн шешу үшiн алдын ала жұмыс тобы жiберiлуi мүмкiн.

9-бөлiм. Конституциялық мәртебесi бар мемлекеттiк органдар
басшылары, Мемлекет басшыларына тiкелей бағынатын және есеп
беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, министрлер, Үкiмет
құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшылары,
ведомстволардың басшылары қатысатын iс-шараларды
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң мемлекеттiк органдары
басшыларының сапарлары

      91. Қазақстан Республикасының тиiстi органының шақыруы бойынша келетiн шетел мемлекеттерiнiң конституциялық мәртебесi бар мемлекеттiк органдары басшыларының, шетел мемлекеттерiнiң басшыларына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдары басшыларының, шетел мемлекеттерi министрлерiнiң, шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары басшыларының, ведомстволары басшыларының Қазақстан Республикасына сапарлары осы орган пысықтаған, Сыртқы iстер министрлiгi келiскен және сол тиiстi органның басшысы бекiткен бағдарламаның негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бағдарламада тиiстi кездесулер мен сұхбаттар өткiзу түскi ас (таңертеңгiлiк ас) ұйымдастыру, тiлегi бойынша театрға (концертке) бару және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.

      92. Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы ресми адамдарының құрамын қабылдаушы орган Сыртқы істер министрлiгiнің келiсiмi бойынша анықтайды.
      Қазақстан Республикасына келетiн делегацияны қабылдау және оған қызмет көрсету деңгейi шақырудың сипаты және өзара сыйластық қағидаты ескерiле отырып анықталады.
      Қарсы алуға (шығарып салуға) болу бағдарламасында белгiленген тараптардың ресми адамдары қатысады.
      Мұндай сапарларды протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органы жүзеге асырады. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелi қонақтардың қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қамтамасыз етуi мүмкiн. Мұндай жағдайда бастамашы шетел делегациясы басшысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне тапсыру ұсынысы бар хатты Президент Әкiмшiлiгi Басшысының атына жолдайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары
басшыларының шетелдiк сапарлары

      93. Конституциялық мәртебесi бар мемлекеттiк органдардың басшыларын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшыларын, министрлерді, Yкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшыларын, республикалық ведомстволар басшыларын шетелге (шетелден) шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) осы адамның шетелдiк сапарын ұйымдастыруға жауапты тиiстi мемлекеттiк органдар өкiлдерi қатысады.
      Шетелде болу бағдарламасы баратын елде тiркелген Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң қатысуымен жасалады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары
басшыларының жұмыс бабындағы кездесулерi

      94. Конституциялық мәртебесi бар мемлекеттiк органдардың басшылары, Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, министрлер, Yкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшылары қатысатын iс-шараларды, оның iшiнде шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiмен жұмыс бабындағы кездесулерiн және сұхбаттарын Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, олардың Аппараттары (Хатшылықтары) жоспарлайды, келiседi және жүргiзедi.

10-бөлiм. Мемлекет басшыларының және үкiмет басшыларының
арнайы өкiлдерi қатысатын iс-шараларды
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi басшыларының және үкiметтерi
басшыларының арнайы өкiлдерiнiң сапарлары

      95. Шетел мемлекеттерi басшыларының арнайы өкiлдерi Президенттiң қонақтары, ал шетел үкiметтерi басшыларының арнайы өкiлдерi - Үкiметтiң қонақтары ретiнде қабылданады.
      Осы санаттағы адамдар сапарларының ауқымы жеке анықталады, бұл ретте қарсы алу (шығарып салу), орналастыру, тамақтандыру, көлiкпен қамтамасыз ету мәселелерi тиiстi пәрменiмен шешiледi.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң және
Премьер-Министрiнiң арнайы өкiлдерiнiң шетелдiк сапарлары

      96. Президенттiң және Премьер-Министрдiң арнайы өкiлдерiн әуежайда шетелге (шетелден) шығарып салуға (қарсы алуға) шетелдiк сапарды ұйымдастыру үшiн жауапты адамдар қатысады.
      Арнайы өкiлдiң шетелде болу бағдарламасы баратын елде тiркелген, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiмен бiрлесiп жасалады.

11-бөлiм. Халықаралық ұйымдар басшыларының және олардың
орынбасарларының Қазақстан Республикасына сапарларын
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

      97. Халықаралық ұйымдардың басшылары (олардың орынбасарлары) Үкiметтiң қонақтары ретiнде қабылданады.
      Әуежайда Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары (Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы) және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiгiнiң басшысы қарсы алады (шығарып салады).
      Мейманның автомобилiне халықаралық ұйымның туы бекiтiледi.
      Сапардың сипатын және мақсатын ескере отырып, Халықаралық ұйым басшысының болу бағдарламасында Президентпен, Премьер-Министрмен, Парламент палаталарының төрағаларымен және Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдарымен кездесулерi көзделуi мүмкiн.

12-бөлiм. Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық
өкiлдiктердiң басшылары қатысатын iс-шараларды
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Сенiм грамоталарын тапсыру

      98. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы (бұдан әрi - Шетел мемлекетiнiң елшiсi) тағайындалған уақытта Сыртқы iстер министрлiгi Мемлекеттiк протокол қызметiнiң басшысымен бiрге қазақстандық тарап берген өкiлдiк деңгейдегi автомобильде (Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы) Президент Резиденциясының орталық кiре берiсiне келедi.
      Орталық кiре берiсте мейманды Президент Протоколының бастығы қарсы алады және Президент Резиденциясына шақырады.
      Шетел мемлекетiнiң елшiсi Президент Резиденциясының холында кiлемше бойымен арнайы белгiленген орынға (кiлем) өтедi. Резиденция коменданты мәртебелi мейманға баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн орындайды (мейман елiнiң гимнi бiрiншi болып орындалады). Содан кейiн Шетел мемлекетiнiң елшiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына келiп, басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Бұдан әрi мәртебелi мейман және онымен бiрге жүретiн адамдар лифтiмен үшiншi қабатқа көтерiледi және "Шығыс залына" өтедi.

      99. Президент Сыртқы iстер министрiмен, Әкiмшiлiк Басшысымен және көмекшісімен бiрге "Мәрмәр залға" өтедi және залдың ортасына тоқтайды.
      Президент Протоколының қызметкерi Шетел мемлекетiнiң елшiсін "Мәрмәр" залға өтуге шақырады. Мейман залдың ортасына бет алады және Президенттiң қарсы алдына тоқтайды, қысқаша сөз сөйлейдi және Сенiм грамотасын Президентке тапсырады. Қол алысады.
      Содан кейiн Президент Шетел мемлекетi елшiсiн және онымен бiрге жүрген адамдарды суретке түсу рәсiмiне шақырады.
      Бұдан әрi Президент және Шетел мемлекетiнiң елшiсi екеуара қысқаша сұхбаттасу үшiн Қонақ бөлмеге өтедi. Сұхбат аяқталысымен қонақ Президентпен қоштасады және залдан шығады.

      100. Қазақстан Республикасында қоса атқарушы болып тiркелген, Шетел мемлекетi елшiсiнiң Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысына сенiм грамотасын тапсыру рәсiмi мемлекеттiк гимндер орындалмай жоғарыдағыға ұқсас өткiзiледi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары және Мемлекеттiк хатшының кеңесшiсi бiрге жүредi.

2-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң ұлттық мерекелерiне байланысты
шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiндегi
iс-шаралар

      101. Ұлттық мерекелерге байланысты шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiндегi қабылдауларға: Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығы (Министр немесе Министрдiң орынбасары), Парламенттiң, министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi қатысады. Бас мейман елмен қарым-қатынастың сипаты ескерiле отырып, Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша анықталады.

3-тарау. Шетел мемлекеттерi дипломатиялық өкiлдiктерi
басшыларының ел басшылығына протоколдық сапарлары

      102. Сыртқы iстер министрлiгi Президент Әкiмшiлiгiмен , Премьер-Министр Кеңсесiмен , Парламент палаталары аппараттарымен бiрлесiп, тiркелгеннен кейiн шетел мемлекеттерi елшiлерiнiң Ел басшылығына протоколдық сапарларын ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары лауазымды адамдарының тиiстi елдерге шетелдік сапарлары қарсаңында және шетел мемлекеттерi елшiлерiнiң дипломатиялық миссиясының Қазақстан Республикасында аяқталуына байланысты да осындай протоколдық сапарлар ұйымдастырады.

4-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң дипломатиялық
миссиялардың басшыларымен жыл сайынғы кездесуi

      103. Сыртқы iстер министрлiгi Президент Әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Президенттiң Қазақстан Республикасында тұрақты резиденциялары бар, шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдар басшыларымен жыл сайынғы кездесуiн ұйымдастырады. Кездесу аяқталғаннан кейiн қабылдау (фуршет) өткiзiлуi мүмкiн.

13-бөлiм. Қазақстан Республикасының және шетел
мемлекеттерiнiң ұлттық мерекелерiне, басқа да оқиғаларға
байланысты iс-шаралар

      104. Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiздiк күнiне (16-17 желтоқсан) байланысты Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусының құрметiне Үкiмет атынан қабылдау (фуршет) және ұлттық мерекеге байланысты басқа да iс-шаралар өткiзедi.
      Дипломатиялық қатынастар орнатылған шетел мемлекеттерiнiң ұлттық мерекелерiне байланысты осы мемлекеттердiң басшыларына Президенттiң атынан құттықтау хаттар жолданады.

      105. Дипломатиялық қатынастар орнатылған шетел мемлекеттерiнің мемлекет, үкiмет және сыртқы саясат ведомствосы басшыларының қызметке кiрiсуiне байланысты, тиiсiнше Президент, Премьер-Министр және Сыртқы iстер министрi қол қоятын құттықтау хаттар жолданады.
      Құттықтау хаттарын жiберу, сондай-ақ шарттар жасасудың жылдығына, екi жақты қатынастарға қатысты мерейтойлық күндер мен жылдарға байланысты да жүзеге асырылады.

      106. Құттықтау хаттар тиiстi елдердегi Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы жолданады.
      Құттықтау хаттардың жобаларын Сыртқы iстер министрлiгi әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Ұлттық мейрамдар емес мерекелерге (жаңа жыл, дiни мейрамдар) байланысты құттықтаулар қалауына қарай жiберiледi.

      107. Шетел мемлекетiнiң басшысы, шетел мемлекетiнiң Үкiмет, Парламент басшылары қайтыс болған жағдайда, тиiсiнше Президент, Премьер-Министр, Парламент палаталарының төрағалары, Сыртқы iстер министрі, әдетте, шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiне келедi және көңiл айту кiтабына қол қояды.

      108. Шетел мемлекеттерiндегi азалы iс-шараларға қатысу үшiн:
      Мемлекет басшысының қайтыс болуына байланысты - Президент немесе Президенттiң өкiлi, Президент Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;
      Үкiмет басшысының қайтыс болуына байланысты - Премьер-Министр немесе оның өкiлi, Премьер-Министр Кеңсесiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;
      Парламент басшысының қайтыс болуына байланысты - Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары барып қайтады.

      109. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының тиiстi елдегi елшiсi енгiзiледi.
      Сыртқы iстер министрлiгi көңiл айту бiлдiрiлген хаттардың (жеделхаттардың) жобаларын әзiрлейдi, оларға Қазақстан Республикасының тиiстi басшысы қол қояды.

      РҚАО-ның ескертуі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  протоколына қосымшалар РҚАО-на берілмеген.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы 12 қазандағы
N 201 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылған
кейбiр актiлерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 173 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 49, 556-құжат; 2004 ж., N 17, 212-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 қарашадағы N 720 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 24 қыркүйектегi N 951 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 қарашадағы N 271 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1252 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 49, 556-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 1348 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 212-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 173 Жарлығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 5 қаңтардағы N 1694 Жарлығы .

      7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 6 маусымдағы N 131 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.