1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2006 ж., N 2, 10-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi туралы ережеде :
12-тармақта "инвестициялық қорлардың" деген сөздерден кейiн ", кредиттiк бюролардың" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өзi белгiлеген тәртiппен банктер ашуға және оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншiлес ұйым құруға және сатып алуға, банктiң ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм бередi;
2) өзi белгiлеген тәртiппен банктердiң басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады);";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өзi белгiлеген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргiзуге, соның iшiнде Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ банк қызметiнiң аудитiн жүзеге асыруға лицензия бередi, беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдайды;";
5) тармақшада "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде ипотекалық ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
5-2) тармақшада "банктердiң" деген сөзден кейiн "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын, 6) тармақшада "қатысушыларының" деген сөзден кейiн ", жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
"өзi белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алынып тасталсын;
"банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакция жазылсын:
"10) банктерге, банктiк конгломераттарға, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, соның iшiнде ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;";
12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12) банктер және олардың аффилиирленген тұлғалары, банктердiң iрi қатысушыларының аффилиирленген тұлғалары, банктiк холдингтер, сондай-ақ банктiк конгломераттың құрамына кiретiн ұйымдар, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, соның iшiнде ипотекалық ұйымдар оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулi ықпал ету шараларын, санкцияларды, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолданады;
13) банктердiң, банктердiң iрi қатысушыларының, банктiк холдингтердiң, банктiк iрi қатысушысының немесе Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктiк холдингтiң белгiлерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың және олардың лауазымды тұлғаларының, соның iшiнде тарату комиссиялары төрағаларының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жаза қолданады;";
14) тармақшада "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде ипотекалық ұйымдардан" деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшада:
"банктiң және (немесе) банктiк холдингтiң iрi қатысушысының" деген сөздер "банктiң iрi қатысушысына және (немесе) банктiк холдингке тиесiлi банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"капиталының керi мөлшерi" деген сөздердiң алдынан "меншiктi" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-1) банк акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысу үшiн өз өкiлiн жiбередi;
18-2) қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкiлiн ұстай алады;";
22) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекiту ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерiн орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегi талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
"22-2) ерiктi таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерiн айқындайды;";
14-тармақта:
4) тармақшада "және сақтандыру брокерлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда, оларға санкциялар мен өзге де ықпал ету шараларын қолданады" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшадағы "және меншiктi капиталдың" деген сөздер "капиталдың, кепiлдiк беру қорының, төлем қабiлетi маржасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлерi) бойынша сақтандыру тарифтерiн бағалау әдiстерiне және есептеу қағидаттарына талаптарды қояды;
6-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентiн есептеу тәртiбiн айқындайды;";
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"10) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ашуға, оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына еншiлес ұйым құруға және сатып алуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәмiлелер жасауға келiсiм, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм бередi;
11) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады);";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерiн, сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi мен сақтандыру брокерлерiнiң оқшауланған бөлiмшелерiн тексередi;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысу үшiн өз өкiлiн жiбередi;";
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қатысты шектеулi ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын, санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолданады;";
22) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекiту ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргiзу ережелерiн орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
"22-2) ерiктi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерiн айқындайды;";
15-тармақта:
14) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"14) бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi, сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында лицензиялауға жататын басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi және лицензия бередi, лицензия беруден бас тартады, осындай лицензияларды қолдануды тоқтата тұрады және қолдануын жаңартады әрi оларды қайтарып алады, Қазақстан Республикасының заңнама актілерiнде көзделген жағдайларда берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдайды;";
"32) өзi белгiлеген тәртiппен лицензиаттардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады)";
мынадай мазмұндағы 44-1) - 44-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"44-1) арнайы қаржы компаниясын ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртiбiн айқындайды;
44-2) арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерi бойынша уақытша бос түсiмдердi инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесiн белгiлейдi;
44-3) арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берiлетiн активтерiн салыстыру тәртiбiн белгiлейдi;
44-4) үлгi кастодиан шартын әзiрлейдi және оның нысанын белгiлейдi;
44-5) кастодиан банктiң арнайы қаржы компаниясының активтерiн мақсатына лайық орналастыруға бақылау жасау тәртiбiн айқындайды;
44-6) арнайы қаржы компаниясының активтерiн жаңа кастодиан банкке беру тәртiбiн айқындайды;";
16-тармақта:
4) тармақшада ", басшы қызметкерлерiне және мамандарына" деген сөздер алынып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады);";
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына еншілес ұйым құруға және сатып алуға, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм бередi;";
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, оның аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын қолданады;";
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) ерiктi таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерiн айқындайды;";
29) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекiту ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргiзу ережелерiн орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
"29-1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысу үшiн өз өкiлiн жiбередi;";
18-тармақта:
4) тармақшада "қаржы" деген сөздiң және 4-1) тармақшада "кредиттiк" деген сөздiң алдынан "осы Жарлықтың 21-тармағының 15-1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру туралы шешiм қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, жинақтаушы зейнетақы қорларына еншiлес ұйымдарды құруға және сатып алуға, банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Агенттiктiң банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерiмен банктiк холдингке және (немесе) банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына тиесiлi осы қаржы ұйымдарының акцияларын сенiмгерлiкпен басқару шартын жасасуы туралы шешiм қабылдау;";
9) тармақшадағы "Агенттiктiң бiлiктiлiк комиссиясының" деген сөздер "Агенттiк комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшада "лицензиаттың атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайларда," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) қаржы ұйымдары, кредиттiк бюролар ерiктi қайта ұйымдастырылған, ерiктi таратылған жағдайларда, сондай-ақ олар уәкiлеттi органға лицензияларды ерiктi қайтарған жағдайларда уәкiлеттi орган берген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдайды;
15-2) арнайы қаржы компанияларын ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе ерiктi таратуға рұқсат бередi не оларды беруден бас тартады;";