Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 67 Жарлығы

Қолданыстағы

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық 
баспасөзде мазмұны       
жариялануға тиіс        

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласын орнықты дамыту, Астана қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамытудың халықаралық қағидаттарына сай келетін тыныс-тіршілігі инфрақұрылымын қалыптастыру, сонымен қатар қолайлы қоршаған орта жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Стратегиялық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Астана қаласының әкімі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Стратегиялық жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      5. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Стратегиялық жоспардың мәтіні берілмейді