Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 67 Жарлығы

Жаңартылған

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық 
баспасөзде мазмұны       
жариялануға тиіс        

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласын орнықты дамыту, Астана қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамытудың халықаралық қағидаттарына сай келетін тыныс-тіршілігі инфрақұрылымын қалыптастыру, сонымен қатар қолайлы қоршаған орта жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Стратегиялық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Астана қаласының әкімі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Стратегиялық жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін;
      2) жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 қыркүйекке және 1 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.03.15 № 1170 Жарлығымен.

      4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      Ескерту. Жарлық 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.03.15 № 1170 Жарлығымен.

      5. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      РҚАО-ның ескертпесі. Жарлыққа Стратегиялық жоспар берілмеген.