1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Агенттiк қаржы жылы iшiнде шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi:
1) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiндегi;
2) қайта ұйымдастырылуға орай Агенттiкке құқықтар мен мiндеттер берумен байланысты;
3) қаржы ұйымдарының қызметкерлерi үшiн Агенттiк ұйымдастырған оқыту шығыстарын өтейтiн;
4) қызметтiк емес сипаттағы көлiктiк қызмет, қалааралық және халықаралық сөйлесулер үшiн өтем ретiнде Агенттiк қызметкерлерiнен алынған;
5) шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi жинақтайды.
4-2. Қаржы жылының нәтижелерi бойынша, Ұлттық Банкпен келiсiлген мерзiмде, Агенттiк Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмi негiзiнде осы Ереженiң 4-1-тармағында көзделген қаржылық түсiмдер Ұлттық Банктiң бюджетiне аударылады.";
9-тармақта "480091" деген цифрлар "050000" деген цифрлармен ауыстырылсын;
15-тармақта:
8) тармақшада "мен рұқсаттардың" деген сөздер алынып тасталсын;
11) тармақша алынып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн жеке тұлғаларға аттестация жүргiзу және бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi;";
17) және 19) тармақшалар алынып тасталсын;
33) тармақшада "және бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын;
35) тармақша алынып тасталсын;
17-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттiктiң Басқармасы жетi адамнан тұрады.
Агенттiк Басқармасының құрамына Агенттiктiң Төрағасы және Агенттiктiң лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасының Президентiнен және Ұлттық Банктен бiр-бiрден, Қазақстан Республикасының Yкiметiнен екi өкiл кiредi.";
18-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың, қайтарып алудың тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту туралы шешiмдер қабылдау;";
21-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру туралы шешiмдер қабылдайды;".