"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 3-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі деңгейін арттыру, әкімдердің мәслихаттарға есептілігін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Барлық деңгейдегі әкімдер өз құзыреті шегінде, тиісті мәслихаттың регламентінде көзделген тәртіпке сәйкес кемінде жарты жылда бір рет мәслихаттардың депутаттары алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берсін.
2. Барлық деңгейдегі әкімдер есеп беру қорытындылары бойынша мәслихаттардың шешімдерін орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.