Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 Жарлығы

Жаңартылған

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 3-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі деңгейін арттыру, әкімдердің мәслихаттарға есептілігін қамтамасыз ету мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Барлық деңгейдегі әкімдер өз құзыреті шегінде, тиісті мәслихаттың регламентінде көзделген тәртіпке сәйкес жылына бір рет мәслихаттардың депутаттары алдында өздеріне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1122 Жарлығымен.

      2. Барлық деңгейдегі әкімдер есеп беру қорытындылары бойынша мәслихаттардың шешімдерін орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.

      3. Барлық деңгейдегі мәслихаттарға мәслихат регламентінде әкімдердің мәслихат депутаттарының алдында есеп беруін өткізу тәртібін айқындайтын нормалар көздеу ұсынылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті