Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1606 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28.  N 501  (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) Жарлығымен.  

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
      С санаттарының тобында:
      тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының шетел мекемелері";

      С-7, С-8, С-9, С-10 және С-11 санаттары "СІМ" деген аббревиатурадан кейін "және шетел мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      Е санаттары тобындағы ескертуде "республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы" деген сөздер "қалалардағы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті