1. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
С санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының шетел мекемелері";
С-7, С-8, С-9, С-10 және С-11 санаттары "СІМ" деген аббревиатурадан кейін "және шетел мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
Е санаттары тобындағы ескертуде "республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы" деген сөздер "қалалардағы" деген сөзбен ауыстырылсын.