Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президент
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 23 сәуiрдегi
N 1560 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кәсiпкерлiктi дамыту және оны тиiмдi мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегі тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгi мiндеттерi
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
кәсiпкерлiкті қолдау мен дамытуға, нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтін iскер топтарды, кәсiпкерлiк қауымдастықтар мен одақтарды топтастыру;
кәсiпкерлiк саласындағы маңызды мемлекеттiк проблемаларды шешу үшiн ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
4. Кеңестiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:
кәсiпкерлiктi қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
консультациялар жүргiзуге, мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұратуға және алуға;
проблемалық мәселелердi талқылауға қатысу үшiн кәсiпкерлердi, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқығы бар.
4. Кеңестің қызметiн ұйымдастыру
5. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестiң төрағасы болып табылады.
6. Кеңестiң отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кем дегенде бiр рет өткiзiледi.
7. Кеңестiң кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша шақырылады.
8. Кеңестiң құрамы атқарушы және заң шығарушы билік органдары, кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестіктерi, шаруашылық субъектiлерi өкілдерiнiң қатарынан құрылады.
9. Кеңестiң дербес құрамын Кеңестiң жұмыс органының ұсынысымен Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
10. Кеңестiң мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
11. Кеңестiң шешiмi отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады. Талқыланып отырған мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда Кеңестiң мүшесi немесе мүшелерi өздерiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
Кеңестiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
12. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі болып табылады.
13. Кеңестiң Жұмыс органы:
Кеңестiң отырысын өткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
Кеңес шешiмдерi орындалуының мониторингiн жүзеге асырады;
Кеңес мүшелерi ұсыныстарының және ол бұрын қабылдаған шешiмдер негізiнде отырыстың күн тәртiбiнiң жобасын түзедi;
Кеңес мүшелерiне Кеңестiң кезектi отырысының орны, өткiзiлу уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарлайды және оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
Кеңестiң шешiмдерi бекiтiлген күннен бастап бiр апта iшiнде Кеңестiң мүшелерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға хаттамалардың көшiрмелерiн және өзге де қажеттi материалдарды жiбередi.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 23 сәуiрдегi
N 1560 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президентi
жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Назарбаев Нұрсұлтан - Қазақстан Республикасының
Әбiшұлы Президентi, төраға
Айдарбаев - "Торғай-Петролеум" жабық акционерлiк
Алик Серiкұлы қоғамының бас директоры, Қызылорда
облысы (келiсiм бойынша)
Айнабеков - "Қазполиграф" жауапкершілігi шектеулi
Мейрамхат Кәрiбекұлы серiктестiгi директорлар кеңесiнiң
төрағасы, Семей қаласы (келiсiм
бойынша)
Алшымбаев - Қазақстан Республикасы Парламентi
Зейнолла Өтежанұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Асанбаев - "Оңтүстiкполиметалл" өндiрiстiк
Тұрсынбек Қанатбекұлы корпорациясы" акционерлiк қоғамының
президентi, Оңтүстiк Қазақстан облысы
(келiсiм бойынша)
Аханов - Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығы
Серiк Ахметжанұлы кеңесiнiң төрағасы, Алматы қаласы
(келiсiм бойынша)
Ахмедияров - "Қазақлакрица" ашық акционерлiк
Ержан Қабенұлы қоғамының президентi, Батыс Қазақстан
облысы (келiсiм бойынша)
Ахметов - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерi мен
Серiк Нығметұлы жұмыс берушілерi жалпыұлттық одағы"
заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы
директоры (келiсiм бойынша)
Әжiбаев - "Резеңке-техникалық бұйымдар зауыты"
Талғат Рахманқұлұлы жауапкершiлігі шектеулi
серiктестiгiнiң директоры, Жамбыл
облысы (келiсiм бойынша)
Әленов - "Хюндай-Ақтау коммерциялық
Қуанышбек Қожықұлы орталығы" жауапкершiлігі шектеулi
серiктестігінiң директоры, Маңғыстау
облысы (келiсiм бойынша)
Әубәкiров - "BM Aгpo компаниясы" жауапкершiлiгi
Мұрат Амангелдiұлы шектеулi серiктестiгi директорлар
кеңесiнiң төрағасы, Алматы облысы
(келiсiм бойынша)
Байкенов - Қазақстан Республикасы Жұмыс
Қадыр Қарқабатұлы берушiлер (кәсiпкерлер)
конфедерациясы" заңды тұлғалар
бiрлестiгi басқармасының төрағасы,
Алматы қаласы (келiсiм бойынша)
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi
Барменқұлов - "TAIMAS" қауымдастығы" заңды
Әдiлет Назарбайұлы тұлғалар бiрлестiгiнiң президентi,
Алматы қаласы (келiсiм бойынша)
Баталов - "Raimbek Group" холдинг компаниясы
Райымбек Әнуарұлы директорлар кеңесiнiң төрағасы,
Алматы қаласы (келiсiм бойынша)
Досмұхамедов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнайгаз
Ержан Қалиұлы компаниясы" акционерлiк қоғамы
президентiнiң кеңесшiсi (келiсiм
бойынша)
Дүйсембаев - "Бизнес" қауымдастығы" қоғамдық
Бақытриза Көлiкбайұлы бiрлестігінiң президентi, Павлодар
облысы (келiсiм бойынша)
Жақсылықов - "Қалалықсүтзауыты" жауапкершiлігі
Дулат Насырұлы шектеулi серiктестiгiнiң директоры,
Ақмола облысы (келiсiм бойынша)
Жүсіпов - Қазақстан шағын қаржы ұйымдары
Шалқар Аманғосұлы қауымдастығы директорлар кеңесiнiң
төрағасы, Алматы қаласы (келiсiм
бойынша)
Кәрменов - "ФПК "Тимей" жауапкершілігі шектеулi
Берiк Әбдiрахманұлы серiктестігiнiң бас директоры,
Солтүстiк Қазақстан облысы (келiсiм
бойынша)
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттiк жоспарлау министрi
Ким - "Каспий" банкi" акционерлiк қоғамы
Александр Геннадьевич солтүстік дирекциясының басшысы,
Астана қаласы (келiсiм бойынша)
Қонарбаев - "Жаңажол-1" жауапкершілігі шектеулi
Болат Қайроллаұлы серiктестігінiң бас директоры,
Атырау облысы (келiсiм бойынша)
Мәндиев - "Азия-Авто" акционерлiк қоғамының
Ержан Оразбекұлы президентi, Шығыс Қазақстан облысы
(келiсiм бойынша)
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы көмекшiсi
Мещеряков - "Цесна-Астық" концернi"
Николай Ильич жауапкершілігi шектеулi серiктестігi
басқармасының төрағасы, Астана қаласы
(келiсiм бойынша)
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда
министрі
Мырзахметов - "Қазақстан Республикасы Сауда-
Абылай Исабекұлы өнеркәсiп палаталары одағы" заңды
тұлғалар бiрлестігінiң президентi
(келiсiм бойынша)
Радостовец - Қазақстан Республикасы Тауар
Николай Владимирович өндiрушілер мен экспорттаушылар
одағының президентi, Астана қаласы
(келiсiм бойынша)
Розинов - "Иволга-холдинг" жауапкершілігі
Василий Самойлович шектеулi серiктестiгiнiң бас
директоры, Қостанай облысы (келiсiм
бойынша)
Смайылов - "Ақмола құрылыс материалдары"
Бауыржан Амангелдiұлы акционерлiк қоғамының бас директоры,
Астана қаласы (келiсiм бойынша)
Ыдырысов - "Ордабасы" корпорациясы" акционерлiк
Дiнмұхамед Аппасұлы қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағасы,
Шымкент қаласы (келiсiм бойынша)
Ысмағамбетов - "Ақтөберентген" акционерлiк
Рахымжан Смағұлұлы қоғамының президентi, Ақтөбе облысы
(келiсiм бойынша)
Усатов - "Қарағандынан" ашық акционерлiк
Николай Егорович қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағасы,
Қарағанды облысы (келiсiм бойынша)