1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
1-тармақ "уақтылы атқаруды" деген сөздерден кейін "және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.".