Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.04.2016 № 240 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерін құру, қайта құру және олардың қызметтерін тоқтату тәртібін реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" N 217 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы:
мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1 бап. Консулдық мекемелер:
1) бас консулдықтар - Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының;
2) консулдықтар, вице-консулдықтар және консулдық агенттіктер - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының;
3) консулдық бөлімдер - Сыртқы істер министрі бұйрықтарының негізінде құрылады, қайта құрылады және өз қызметтерін тоқтатады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті