Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1503 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерін құру, қайта құру және олардың қызметтерін тоқтату тәртібін реттеу мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" N 217  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы:
      мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1 бап. Консулдық мекемелер:

      1) бас консулдықтар - Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының;
      2) консулдықтар, вице-консулдықтар және консулдық агенттіктер - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының;
      3) консулдық бөлімдер - Сыртқы істер министрі бұйрықтарының негізінде құрылады, қайта құрылады және өз қызметтерін тоқтатады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті