Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 1362 Жарлығы

Жаңартылған

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасы    Президент    Қорғаныс       Премьер-
Қорғаныс министрiнiң                    министрi       Министрмен,
орынбасарлары                                          Әкiмшiлiк
                                                       Басшысымен"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы    Президент    Қорғаныс,      Премьер-
Қорғаныс және Сыртқы                    Сыртқы         Министрмен,
iстер министрлерiнiң                    iстер          Әкiмшiлiк
орынбасарлары                           министрлерi    Басшысымен";

      мына жол:

"Қазақстан Республикасы    Президент    Бiлiм және    Премьер-
Ұлттық ғылым академиясы.                ғылым         Министрмен,
ның президентi                          министрi      Әкiмшiлiк
                                                      Басшысымен";

      алынып тасталсын;
      "Кедендiк бақылау, Төтенше жағдайлар жөнiндегi және Қаржы полициясы aгeнттіктерi төрағаларының орынбасарлары" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кедендiк бақылау, Төтенше жағдайлар жөнiндегi және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi (қаржы полициясы) агенттіктерi төрағаларының орынбасарлары";
      "Қылмыстық-атқару жүйесi, Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi, Тiркеу қызметi, Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерi, құқық қорғау органдары комитеттерiнiң төрағалары және төрағаларының орынбасарлары" бағанындағы "Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi,", "және төрағаларының орынбасарлары" деген сөздер алынып тасталсын;

"Облыстардың, Астана       облыс әкiмi  облыс әкiмi   Премьер-
және Алматы қалалары                                  Министрмен,
әкiмдерiнiң орынбасарла.                              Әкiмшiлiк
ры, әкiмдер аппараттары.                              Басшысымен"
ның жетекшiлерi, қалалар.
дың, аудандардың және
қалалардағы аудандардың
әкiмдерi

      деген жолдардан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қылмыстық-атқару          министрлер   министрлер    Премьер-
жүйесi, Тiркеу қызметi,                               Министрмен,
Мемлекеттік мүлiк және                                Әкiмшiлiк
жекешелендiру комитетте.                              Басшысымен";
рi, құқық қорғау органдары
комитеттерi төрағаларының
орынбасарлары

      мына жолдар:

"Облыстар, Астана, Алматы  Қаржы         Қаржы        Әкiмшiлiк
қалалары қаржы полициясы,  полициясы     полициясы    Басшысымен"
көлiктегi полиция          агенттiгiнiң  агенттiгiнiң
департаменттерiнiң         төрағасы      төрағасы
бастықтары, Қазақстан
Республикасы Қаржы
полициясы агенттiгi
орталық аппараты департа.
менттерiнiң және
Академиясының бастықтары

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы    Экономика.   Экономика.   Премьер-
Экономикалық және          лық және     лық және     Министрмен,
сыбайлас жемқорлыққа       сыбайлас     сыбайлас     Әкiмшiлiк
қарсы күрес жөнiндегi      жемқорлық.   жемқорлық.   Басшысымен";
агенттiгi (қаржы поли.     қа қарсы     қа қарсы
циясы) орталық аппараты.   күрес        күрес
ның, облыстардың, Астана,  жөнiндегi    жөнiндегi
Алматы қалаларының,        агенттiктiң  агенттiктiң
Экономикалық және сыбай.   (қаржы       (қаржы
лас жемқорлыққа қарсы      полициясы)   полициясы)
күрес жөнiндегi агенттiгi  төрағасы     төрағасы
(қаржы полициясы)
көлiктегi департамент.
терiнiң және Қаржы
полициясы академиясының
бастықтары

      "Облыстар, Астана және Алматы қалалары әдiлет басқармаларының бастықтары, облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармаларының бастықтары, Әдiлет министрлiгi "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры" бағанындағы "әдiлет басқармаларының" деген сөздер "әдiлет департаменттерiнiң" деген сөздермен алмастырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ережеде:
      2, 5, 10-тармақтардағы және 8-тармақтың үшiншi абзацындағы "Әкiмшiлiктiң Кадр жұмысы бөлiмiне", "Кадр жұмысы бөлiмiнде", "Кадр жұмысы бөлiмiмен", "Кадр жұмысы бөлiмi", "Әкiмшiлiктiң Кадр жұмысы бөлiмiне беріледi, ол" деген сөздер тиiсiнше "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасына", "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасында", "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасымен", "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы", "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасына берiледi, ол" деген сөздермен алмастырылсын;
      3-тармақтың екiншi абзацындағы және 8-тармақтың екiншi абзацындағы "Мемлекеттiк-құқық және Кадр жұмысы бөлiмдерiнде", "Кадр жұмысы бөлiмiнде тiркелiп және зерделенiп, Әкiмшiлiктiң Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiмен келiсiлгеннен кейiн" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттiк-құқық және Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармаларында", "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасында тiркелгеннен және зерделенгеннен кейiн" деген сөздермен алмастырылсын;
      4-тармақта:
      бiрiншi және жетiншi абзацтардағы "Мемлекеттiк-құқық және Кадр жұмысы бөлiмдерiнде", "Мемлекеттiк-құқық бөлiмi Кадр жұмысы бөлiмiмен бiрлесе отырып" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттiк-құқық және Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармаларында", "Мемлекеттік-құқық басқармасы Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасымен бiрлесе отырып" деген сөздермен алмастырылсын;
      төртiншi абзацтағы "әдiлет басқармалары" деген сөздер "әдiлет департаменттерi" деген сөздермен алмастырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) төрағасы, оның орынбасарлары, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) орталық аппаратының, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көлiктегi департаменттерiнiң және Қаржы полициясы академиясының бастықтары";
      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 
      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті