Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ында жариялануға тиіс
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтағы ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
1-бөлімнің үшінші абзацында ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;
5-бөлімнің "Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында" деген тарауының бірінші абзацында "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жанындағы Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту" деген сөздер "Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын.