Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекiту туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 173
Жарлығына
:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколында:
1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Президенттiң көмекшiлерi";
реттiк нөмiрi 30-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның төрағасы";
реттiк нөмiрi 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Өзге де саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер";
2-қосымшада:
реттiк нөмiрi 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Президенттiң көмекшiлерi";
реттiк нөмiрi 31-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның төрағасы";
реттiк нөмiрi 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Өзге де саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер";
3-қосымшада:
жиырмасыншы абзацтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет министрлiгi, Ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма төртiншi абзацтағы ", коммуникациялар және туризм" деген сөздер "және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшада:
жиырма екiншi абзацтағы ", коммуникациялар және туризм" деген сөздер "және коммуникациялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат):
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берiп отырсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Yкiметiн Стратегиялық жоспардың iске асырылу барысы туралы хабардар етiп отырсын.";
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жыл сайын 20 ақпанға Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етiп отырсын, сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар енгiзiп отырсын.".
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 28 қарашадағы N 271 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 496-құжат) күшi жойылды деп танылсын.