Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 қарашадағы N 271 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Респубикасы Президентінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1252 Жарлығы

Жаңартылған

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1)  күші жойылды
       Ескерту. 1) тармақшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.10.12. N  201  жарлығымен.
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат):
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берiп отырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Yкiметiн Стратегиялық жоспардың iске асырылу барысы туралы хабардар етiп отырсын.";
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жыл сайын 20 ақпанға Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етiп отырсын, сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар енгiзiп отырсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 28 қарашадағы N 271  Жарлығының  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 496-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті