Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 1201

Қолданыстағы

      Ұлттық және жалпы адами құндылықтардың ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде жеке адамның қалыптасуына, дамуы мен кәсіби жетілуіне елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 27, 331-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті