Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығы

Жаңартылған

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс     

      Қазақстан Республикасы Президенті Iс басқармасының қызметiн жетілдiру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымы бекiтiлсiн. U000378

       2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2003 жылғы 18 тамыздағы 
N 1167 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының
Құрылымы

     Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2006.08.31. N 170 жарлығымен .

      Басшылық
      Iшкi бақылау бөлiмi
      Ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмi
      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлiмi
      Бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi
      Күрделi құрылыс және техникалық қадағалау бөлiмi
      Заң бөлiмi
      Бухгалтерлiк есеп және есептілік бөлiмi
      Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлiмi