Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығы

Жаңартылған

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс     

      Қазақстан Республикасы Президенті Iс басқармасының қызметiн жетілдiру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымы бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378 Жарлығының  1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2003 жылғы 18 тамыздағы 
N 1167 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының
Құрылымы

     Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2004.03.17. N 1308 жарлығымен .

      Басшылық
      Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі
      Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
      Күрделі құрылыс және техникалық бақылау бөлімі
      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім
      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
      Іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімі
      Мемлекеттік құпияларды қорғау және кадр жұмысы бөлімі
      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.