"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметтiң беделiн көтеру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының мынадай медальдары тағайындалсын:
1) "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшін";
2) "Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының ардагерi";
3) I, II, III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшін".
2. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары медальдарының сипаттамалары бекiтiлсiн.
3. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары медальдарымен наградтау ережелерi бекiтiлсiн.
4. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдарына куәлiктердiң сипаттамалары мен үлгiлерi бекiтiлсiн.
5. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары мен оларға куәлiктердi дайындау жөнiндегi шығыстар мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын ұстауға көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен
бекітілген
"Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiнiң сипаттамасы
"Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдiң беткi жағында Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк елтаңбасы
орналасқан.
Медальдiң тыс жағының ортасында "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" деген жазу жазылған.
Meдальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның ортасында енi 3 мм екi қызыл жолақ, олардың ортасында ені 2 мм көгілдір жолақ, қызыл жолақтардың жиектерiнде енi 8 мм көгілдiр жолақтар орналасады. Лентаның жиектерiнде енi 3 мм сары жолақтар бар. Лентаның енi - 30 мм.
Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.
Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін
(қағаз мәтіннен қараңыз).
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi"
медалiнiң сипаттамасы
"Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi жезден жасалады және жетi бұрышты рельефтi шығыңқы жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ортасында Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк туының
элементтерi: сәуле шашқан күн және оның астында қалықтаған бүркiт бейнеленген дөңгелек шығыңқы қалқан орналасқан. Қалқан лавр бұтақтарынан жасалған гүлдестемен жиектелген. Жұлдыздың төменгi жағында бұтақтардың үстiнен "IIМ" деген аббревиатура жазылған эмальданған қызыл лента орналасқан. Қалқанның реңi мөлдiр көгiлдiр эмальмен боялған. Әрiптерге, Мемлекеттiк тудың элементтерiне, лавр жапырақтарына және қалқанның ернеуiне алтын жалатылған.
Медальдiң тыс жағының ортасында "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" деген жазу, төменгi жағында "25 жыл" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы медаль мөлшерi - 37 мм.
Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм әрi биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның ортасында енi 17 мм көгiлдiр жолақ, лентаның оң жиегiнде енi 1 мм үш қара жолақпен кезектескен енi 1 мм төрт сары жолақ орналасады. Лентаның сол жиегiнде арасында енi 2 мм көгiлдiр жолағы бар енi 3 мм және 1 мм екi сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері
(қағаз мәтіннен қараңыз).
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен
бекітілген
I, II, ІІІ дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз
қызметi үшiншi медалiнiң сипаттамасы
I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгiнiң
қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген аббревиатура орналасқан.
Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "20 жыл" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар, лентаның ортасында арасында енi 6 мм сары жолағы бар енi 5 мм екi қызыл жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
II дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдiң бетке жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген аббревиатура орналасқан. Эмблемаға, жазуға және жұлдызға алтын жалатылған.
Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "15 жыл" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ортаңғысының енi 2 мм үш қызыл жолақпен кезектескен енi 3 мм екi сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
Медаль түйреуiштің көмегiмен киiмге тағылады.
III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген аббревиатура орналасқан.
Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағына "10 жыл" деген жазу орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ал ортаңғыларының енi 1 мм төрт қызыл жолақпен кезектескен енi 2 мм үш сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
Медальдардың эскиздерi қоса берiлiп отыр.
Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 20 жыл
Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 15 жыл
Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 10 жыл
(қағаз мәтіннен қараңыз).
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен
бекітілген
"Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшін" медалімен наградтау
Ережелері
1. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
2. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiмен заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде өз қызметтiк борышын үлгiлi орындаған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қорғауға белсене қатысқаны және осы орайда батылдық пен жанқиярлық танытқаны үшiн басқа да адамдар наградталады.
3. Медальмен наградтау туралы қолдаухаттарды берудiң және қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
4. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiмен наградтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
5. Медаль тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
6. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
7. Медаль наградталған адамдарға iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жасаған және бекiткен тiзiмдердiң негiзiнде тапсырылады.
Медальдiң тапсырылғандығы туралы наградталғандар тiзiмiнде тиiстi жазба жасалады.
8. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін" медалi кеуденiң сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк наградалары
болғанда, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағында мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау
Ережелері
1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен қызмет бабында оң баға алған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына
сәйкес күнтiзбелiк есептеу бойынша 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек сiңiрген жылдары бар iшкi iстер органдарының қызметкерлерi наградталады.
3. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау туралы қолдаухаттарды берудiң және қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
4. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен марапаттау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
5. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
6. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
7. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi кеуденiң сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк наградалары
болғанда, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағында мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен
бекітілген
"Ішкі істер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн"
медалiмен наградтау
Ережелері
1. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
2. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үш дәрежеден тұрады:
I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 20 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
II дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 15 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметі үшiн" медалi - 10 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн.
I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жоғарғы дәрежелi болып табылады.
3. "Ішкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау төменгi дәрежеден жоғарыға қарай сатыланып жүргiзiледi. Төменгi дәрежелi медальдi алмағандарды одан жоғары дәрежелi медальмен наградтауға жол берiлмейдi.
4. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 және одан да көп жыл еңбек сiңiрген, қызмет бабында оң баға алған және өздерiнiң қызметтiк борышын үлгiлi орындаған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi наградталады.
"Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау үшiн мемлекеттiк органдардағы еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына
сәйкес жүргiзiледi. Бұрынғы КСРО-ның қандай да бiр дәрежелi "Зa безупречную службу" медалiмен 1991 жылғы 16 желтоқсанға дейiн наградталған қызметкерлер осындай дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсынылмайды.
5. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау туралы қолдаухат берудi iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерінің, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) лауазымы оларға теңестiрiлген және олардан жоғары адамдар осы органдар мен бөлiмшелердің аттестаттау комиссияларының пiкiрiн ескере отырып, жүзеге асырады.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсынуға болмайтын себептердi iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң бастықтары (командирлерi) аттестаттау парағында жазып көрсетедi. Қабылданған шешiм iшкi iстер органының (бөлiмшесiнiң) қызметкерiне хабарланады.
6. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
7. "Iшкі iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнің және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
8. Әрбiр наградталған адамға медалiн тапсырумен бiр мезгілде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
"Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi кеуденiң сол жағына дәрежелердiң жоғарылау ретiмен тағылады. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк наградалары
болғанда солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка сол жақ кеудеде мемлекеттiк наградалар нышандарынан кейiн орналасады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
медальдарына қоса берiлетiн куәлiктердiң
сипаттамасы мен үлгілерi
Куәлiктер "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үшiн сегiз парақты және "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн", "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медальдары үшiн төрт парақты өлшемi 8х11 см кiтапшадан тұрады. Куәлiктердiң тысы көгiлдiр түстi бумвинилдi негiзде қатырма қағаздан жасалған. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк елтаңбасы
мен жазулар қысып түсiру арқылы алтын түспен жасалған.
Куәлiктердiң эскиздерi қоса берiлiп отыр.
Куәлік
__________________________________________________________________
|
| Қазақстан Республикасы
_____________________________ | Ішкі істер министрінің
тегі (фамилия) | _______ жылғы
|
_____________________________ | "___"______________
аты (имя) |
_____________________________ | N ______ бұйрығымен
әкесінің аты (отчество) |
| "Құқық тәртібін қамтамасыз
| етуде үздік шыққаны үшін"
| медалімен наградталды
|
| Қазақстан Республикасының
| Ішкі істер министрі
|
1 | 2
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Приказом Министра | Ерекше белгілері
внутренних дел | Особые отметки
Республики Казахстан N ___ |
от _____________________ года |
|
награжден (а) медалью |
"Құқық тәртібін қамтамасыз |
етуде үздік шыққаны үшін" |
|
3 | 4
__________________________________________________________________
Куәлік
__________________________________________________________________
|
| Қазақстан Республикасы
_____________________________ | Ішкі істер министрінің
тегі (фамилия) | _______ жылғы
|
_____________________________ | "___"______________
аты (имя) |
_____________________________ | N ______ бұйрығымен
әкесінің аты (отчество) |
| "Қазақстан Республикасы ішкі
| істер органдарының ардагері"
| медалімен наградталды
|
| Қазақстан Республикасының
| Ішкі істер министрі
|
1 | 2
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Приказом Министра | Ерекше белгілері
внутренних дел | Особые отметки
Республики Казахстан N ___ |
от _____________________ года |
|
награжден (а) медалью |
"Қазақстан Республикасы ішкі |
істер органдарының ардагері" |
|
3 | 4
__________________________________________________________________
Куәлік
__________________________________________________________________
|
| Қазақстан Республикасы
_____________________________ | Ішкі істер министрінің
тегі (фамилия) | _______ жылғы
|
_____________________________ | "___"______________
аты (имя) |
_____________________________ | N ______ бұйрығымен
әкесінің аты (отчество) |
| ІІІ дәрежелі
| "Ішкі істер органдарындағы
| мінсіз қызметі үшін"
| медалімен наградталды
|
| Қазақстан Республикасының
| Ішкі істер министрі
|
1 | 2
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Приказом Министра | Қазақстан Республикасы
внутренних дел | Ішкі істер министрінің
Республики Казахстан N ___ | ___________ жылғы
от _____________________ года |
| "___"__________________
награжден (а) медалью |
ІІІ дәрежелі | N _____ бұйрығымен
"Ішкі істер органдарындағы |
мінсіз қызметі үшін" | ІІ дәрежелі
| "Ішкі істер органдарындағы
| мінсіз қызметі үшін"
| медалімен наградталды
|
| Қазақстан Республикасының
| Ішкі істер министрі
|
3 | 4
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Приказом Министра | Қазақстан Республикасы
внутренних дел | Ішкі істер министрінің
Республики Казахстан N ___ | ___________ жылғы
от _____________________ года |
| "___"__________________
награжден (а) медалью |
ІІ дәрежелі | N _____ бұйрығымен
"Ішкі істер органдарындағы |
мінсіз қызметі үшін" | І дәрежелі
| "Ішкі істер органдарындағы
| мінсіз қызметі үшін"
| медалімен наградталды
|
| Қазақстан Республикасының
| Ішкі істер министрі
|
5 | 6
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Приказом Министра | Ерекше белгілері
внутренних дел | Особые отметки
Республики Казахстан N ___ |
от _____________________ года |
|
награжден (а) медалью |
І дәрежелі |
"Ішкі істер органдарындағы |
мінсіз қызметі үшін" |
|
|
|
7 | 8
__________________________________________________________________