1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiнде:
"Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігінiң Басшысы, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары";
"Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл";
"Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi аппараттарының басшылары";
"Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсi, оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгі Кеңсесiнiң меңгерушiсi";
2) <*>
Ескерту. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284
жарлығымен
.
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жоғары офицерлiк және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тiзбесi туралы" 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392
Жарлығына
:
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
"Облыс және астана бойынша департамент бастығы - полковник, генерал-майор" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыс, Астана қаласы мен Алматы қаласы бойынша департамент бастығы - полковник, генерал-майор
Директордың бiрiншi орынбасары - Шекара қызметi Бас штабының бастығы - генерал-майор";
"Шекара қызметi директорының орынбасары - генерал-майор" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Шекара қызметi инспекциясы және шекаралық ынтымақтастық Бас басқармасының бастығы - генерал-майор
Шекара қызметi Бас штабы бастығының бiрiншi орынбасары - полковник, генерал-майор"
"Шекара қызметi аумақтық қолбасшылығының қолбасшысы - генерал-майор" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Шекара қызметi аумақтық басқармасының бастығы - генерал-майор
Аумақтық басқарма бастығының бiрiншi орынбасары - Шекара қызметi штабының бастығы - полковник, генерал-майор";
"Шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң қолбасшысы - контр-адмирал" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Шекара қызметi теңiз шекара дивизиясының командирi - контр-адмирал";
"Шекара отрядының бастығы - полковник, генерал-майор" деген жол алынып тасталсын;
5) <*>
Ескерту. 1-тармақтың 4),5) тармақшаларының күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284
жарлығымен
.
6) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.03.11. N 552 Жарлығымен.
7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң штат саны мен құрылымы туралы" 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806
Жарлығына
:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінiң құрылымында:
"Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Президент Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары".
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, оған мыналар қосылмайды:
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 4) тармақшасының бесiншi, жиырма жетiншi, отыз екiншi, отыз төртiншi абзацтары, 5) тармақшасының отыз алтыншы, отыз жетiншi, отыз тоғызыншы абзацтары;
2002 жылғы 28 тамыздан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 4) тармақшасының отызыншы абзацы, 5) тармақшасының қырқыншы абзацы;
2002 жылғы 19 қыркүйектен бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы, 2) тармақшасының бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, он бiрiншi, он екiншi, он сегiзiншi, жиырма бiрiншi, жиырма үшiншi, жиырма бесiншi, жиырма жетiншi абзацтары, 4) тармақшасының он алтыншы абзацы;
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 4) тармақшасының жиырма бесiншi абзацы;
2003 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 1) тармақшасының сегiзiншi абзацы, 2) тармақшасының он төртiншi, отызыншы абзацтары, 4) тармақшасының жиырма бiрiншi, жиырма үшiншi абзацтары.
Қазақстан Республикасының
Президенті