Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284 жарлығымен.
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жоғары офицерлiк және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тiзбесi туралы" 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына: 
      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада: 
      "Облыс және астана бойынша департамент бастығы - полковник, генерал-майор" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Облыс, Астана қаласы мен Алматы қаласы бойынша департамент бастығы - полковник, генерал-майор 
      Директордың бiрiншi орынбасары - Шекара қызметi Бас штабының бастығы - генерал-майор"; 
      "Шекара қызметi директорының орынбасары - генерал-майор" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "Шекара қызметi инспекциясы және шекаралық ынтымақтастық Бас басқармасының бастығы - генерал-майор 
      Шекара қызметi Бас штабы бастығының бiрiншi орынбасары - полковник, генерал-майор" 
      "Шекара қызметi аумақтық қолбасшылығының қолбасшысы - генерал-майор" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Шекара қызметi аумақтық басқармасының бастығы - генерал-майор 
      Аумақтық басқарма бастығының бiрiншi орынбасары - Шекара қызметi штабының бастығы - полковник, генерал-майор"; 
      "Шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң қолбасшысы - контр-адмирал" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Шекара қызметi теңiз шекара дивизиясының командирi - контр-адмирал"; 
      "Шекара отрядының бастығы - полковник, генерал-майор" деген жол алынып тасталсын; 
4) күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284 жарлығымен.
5) күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284 жарлығымен.
6) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.03.11. № 552 Жарлығымен.
      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң штат саны мен құрылымы туралы" 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығына: 
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінiң құрылымында: 
      "Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Президент Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284; 2008.03.11. № 552; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
2. Мемлекеттiк органдар осы Жарлықтан туындайтын шаралар қолдансын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, оған мыналар қосылмайды: 
      2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 4) тармақшасының бесiншi, жиырма жетiншi, отыз екiншi, отыз төртiншi абзацтары, 5) тармақшасының отыз алтыншы, отыз жетiншi, отыз тоғызыншы абзацтары; 
      2002 жылғы 28 тамыздан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 4) тармақшасының отызыншы абзацы, 5) тармақшасының қырқыншы абзацы; 
      2002 жылғы 19 қыркүйектен бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы, 2) тармақшасының бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, он бiрiншi, он екiншi, он сегiзiншi, жиырма бiрiншi, жиырма үшiншi, жиырма бесiншi, жиырма жетiншi абзацтары, 4) тармақшасының он алтыншы абзацы; 
      2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 4) тармақшасының жиырма бесiншi абзацы; 
      2003 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 1) тармақшасының сегiзiншi абзацы, 2) тармақшасының он төртiншi, отызыншы абзацтары, 4) тармақшасының жиырма бiрiншi, жиырма үшiншi абзацтары. 
       Қазақстан Республикасының 
      Президенті