"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 жарлығы

Қолданыстағы

      Елдің агроөнеркәсіп кешенін ғылыми қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы " республикалық мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы " республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 17, 178-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасына:
      5.5. бөлімнің "Ағымдағы жағдай" бөлімшесінде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелген.";
      екінші абзацта "және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰААЗО қарамағына енеді" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацта "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген сөздермен алмастырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қолдансын. N010247

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті