Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтінін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 2 желтоқсан N 978

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтіні бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2002 жылғы 2 желтоқсандағы 
N 978 Жарлығымен      
   бекітілген         

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының
АНТЫ

      Мен, Қазақстан Республикасының азаматы _____________________
                                          (тегі, аты, әкесінің аты)
қаржы полициясы органдарына қызметке кіре отырып:
      Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық және әділдік қағидаттарын ұстануға;
      маған жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі кәсіби түрде орындауға, қаржы полициясы органдары қызметкері жоғары атағын қастерлеуге;
      азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту үшін күшімді аямауға, қажет болса өмірімді қиюға;
      мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін.
      Егер мен өзімнің осы антымды бұзсам, онда мен Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қатаң жазаға тартылайын.

      200_ жылғы " __ " _______________           ________________
                                                       (қолы)