Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 37-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
5-тармақта:
3) тармақшаның бірінші абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақшаның үшінші абзацындағы "бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы Қаржы министрлігінің ақпараты негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
17-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті