Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 15 қараша N 974

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына  сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 37-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
      5-тармақта:
      3) тармақшаның бірінші абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшаның үшінші абзацындағы "бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы Қаржы министрлігінің ақпараты негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
      17-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті