"Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839 U020839_ Жарлығына сәйкес және мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiк деңгейiн көтеру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен;
2) "Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 U990317_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы ережеде:
2-тармақтағы "шегiнен шығуы," деген сөздерден кейiн "тәртiптiк жауапкершілікке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды, Қызмет этикасы ережесiн," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "28-бабына" деген сөзден кейiн "және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Заңға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) тиiстi өкiлеттiлiк беруден бас тарту;
4-2) мемлекеттiк функцияларды орындаудан босату;
4-3) лауазымын төмендету;";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ мемлекеттiк саяси қызметшiлер жол берген Қызмет этикасы ережесiнiң бұзылуын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарайды, ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсыным, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың, оларды қызмет орнынан босатуға дейiн, тәртiптiк жауапкершілігi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар мен қалалардағы аудандар, кенттер, ауылдар, селолар, ауылдық, селолық округтер әкiмдерi жол берген Қызмет этикасы ережесiнiң бұзылуын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi қарайды, ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсыным, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың, оларды қызмет орнынан босатуға дейiн, тәртiптiк жауапкершілігi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
Қызметтік тексеру тәртіптік жаза қолдануға уәкiлеттi тұлғаның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.";
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс тоқтатылған, бiрақ қызметшiнiң iс-әрекетiнде тәртiптiк терiс қылық болған жағдайда жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тартылғаны не қылмыстық iс тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Жаза қолдану туралы мәлiметтер мен актілер қызметшiлердiң қызмет ету тiзiмiне енгiзу жолымен мемлекеттiк органның кадр қызметiнiң есебiне алынуға тиiс.
Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған қызметшiлерге мемлекеттiк орган басшысы қолданған жазалар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат жөнiндегi уәкілеттi органға кадр қызметiнiң мiндеттi табыс етуi тиiс.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау, егер ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымымен қолданылған болса, тек оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.";
3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 U990321_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 562-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiнде:
бiрiншi бөлiмде:
алтыншы абзацта "тәртiптiк ретпен жазаланатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған С-1, С-2, C-3 санаттарындағы" деген сөздер "орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының тәртiптiк жауапкершілiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Қызмет этикасы ережесiн бұзуға жол берген С-1, С-2, С-3 санаттарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын және Қызмет этикасы ережесiн бұзған В-1 санатындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң, қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия қарайды (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия).
Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын және Қызмет этикасы ережесiн бұзған С (орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволары қызметшiлерiнен басқа), D және E санаттарындағы қызметшілерге қатысты тәртiптiк iстердi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi қарайды.
Бiр тәртiптiк iстiң аясында материалды жеке өндiрiске бөлместен әр түрлi санаттағы бiрнеше қызметшiлердiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, iстi неғұрлым жоғары мәртебеге (санатқа) ие мемлекеттiк қызметшiнiң терiс қылықтары туралы iстердi қарау құқығы бар орган қарайды.";
1-тармақта "28-бабына" деген сөздерден кейiн "және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Заңға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) тиiстi өкілеттілік беруден бас тарту;
4-2) мемлекеттiк функцияларды орындаудан босату;
4-3) лауазымын төмендету;";
20-1-тармақта "С-1, С-2, С-3 санаттарындағы қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға" деген сөздер "осы Ереженiң 1 бөлiмiндегi алтыншы абзацта көрсетiлген қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары фактiлерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақта "тәртiптiк кеңестерi" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия" деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақтың бiрiншi абзацы "уәкілеттi органның комиссиясы" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия" деген сөздермен толықтырылсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлiп қолданыла алмайды.";
38-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
46-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымы бойынша жаза қолданылған жағдайда жазаның мерзiмiнен бұрын алынуы тек оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен бiрлесiп тәртiптiк кеңес өкiлеттiктерi қатарында жергiлiктi атқарушы, аумақтық мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару және мемлекеттiк ұйымдарда тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған және Қызмет этикасы ережесiн бұзған лауазымды тұлғаларға, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттi өзге де тұлғаларға және оларға теңестiрілген тұлғаларға, сондай-ақ тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған аумақтық құқық қорғау органдарының және арнаулы қызметтердiң лауазымды тұлғаларына қатысты тәртiптiк iстердi қарауды көздей отырып, облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi туралы жаңа үлгідегi ереже әзiрлесiн және бекiтсiн;
өз актiлерiн осы Жарлықпен сәйкес келтiрсiн.
3. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тәртiптiк кеңестер қызметiнiң тиiмділiгiн арттыру, оларды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық нығайту шараларын қолданатын болсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Омарбекова А.Т.