"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және заң жобасы қызметінің сапасын арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы N 3044 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 17 мамырдағы
N 873 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу
тәртібі
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентіне келісуге ұсынылады.
2. Үкіметтің заң жобалары жұмыстары жоспарының жобасы (бұдан әрі - Жоспар жобасы) Мемлекет басшысына Премьер-Министрдің қолы қойылып беріледі. Бұл ретте Жоспар жобасы заң жобаларының тізбесінен өзге, заң жобаларының негіздемесі мен Парламент Мәжілісіне енгізу мерзімі көрсетілген тиісті түсіндірме жазбаны қамтуға тиіс.
Қабылданып қойылған заң жобалары жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігімен
міндетті түрде келісуге жатады. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.09.06. N
1434
жарлығымен
.
3. Ұсынылған Жоспар жобасы Президент Әкімшілігінің заң қызметіне (бұдан әрі - Бөлім), Президент Әкімшілігінің өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне пысықтау үшін беріледі.
4. Жоспар жобасы пысықталғаннан және Президент Әкімшілігінің Басшысымен келісілген тиісті қорытынды дайындалғаннан кейін Мемлекет басшысына ұсынылады.
Жоспар жобасына сараптама жасау және ол бойынша Президент Әкімшілігіне қорытынды дайындау мерзімі ол Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспар жобасын Республика Президентімен келісу Мемлекет басшысының тиісті бұрыштама қоюы арқылы жүзеге асырылады. Келісілген Жоспар жобасы ұсыныстармен және ескертулермен (бұлар болған жағдайда) Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе оның уәкілеттік беруімен Әкімшілік Басшысының тиісті орынбасары қол қойған қорытынды түрінде Мемлекет басшысының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, оны одан әрі қарап, бекіту үшін Үкіметке қайтарылады.
5. Премьер-Министр Кеңсесі Президент Әкімшілігін Үкіметтің заң жобалары жұмысының жай-күйі туралы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей хабардар етеді.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу тәртібі
6. Әзірленген және тиісінше ресімделген заң жобасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне оның сұратуы бойынша келісуге ұсынылады. Бұл ретте құжаттар топтамасында заң жобасымен бірге заң жобасын жан-жақты қарау үшін барлық қажетті материалдар (құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржылық негіздеме, сараптау қорытындылары және т.б.) болуға тиіс.
P021300
Президент Әкімшілігіне алдын ала келісуге ұсынылатын заң жобалары мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер жойылғаннан кейін ғана енгізіледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.09.06 N
1434
, 2008.04.24
N 576
Жарлықтарымен.
7. Заң жобасы Президент Әкімшілігіне ұсынылғаннан кейін оны Президент Әкімшілігінің Бөлімі мен өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелері, Мемлекет басшысының тиісті көмекшілері мен кеңесшілері пысықтайды.
Заң жобасына сараптама жасау және Президент Әкімшілігінде ол бойынша қорытынды дайындау мерзімі ол Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл ретте кодекстер жобалары бойынша осындай мерзім 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
8. Заң жобасына сараптама жасалып, Бөлімнің (бөлімдердің), Президент көмекшілері мен кеңесшілерінің тиісті қорытындылары дайындалғаннан кейін материалдар айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып, одан әрі пысықталу үшін Әкімшілік басшылығының қолы қойылып Премьер-Министр Кеңсесіне жіберіледі.
Осы Ережелердің 10-тармағында көзделген заң жобалары бойынша қорытындылар Президент Әкімшілігінің Басшысымен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Заң жобасына Бөлімнің (бөлімдердің), Президент көмекшісінің немесе кеңесшісінің теріс қорытындысы болған жағдайда материалдар осы қорытындымен бірге, ол бойынша әрі қарай түпкілікті шешім қабылдау үшін Республика Президенті Әкімшілігінің Басшысына жіберіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.04.24
N 576
Жарлығымен.
9. Заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігі көрсеткен ескертулерді жойғаннан, не заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен пайда болған келіспеушіліктерді жойғаннан кейін Үкімет заң жобаларын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді.
P021300
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2006.03.13.
N 64
жарлығымен
.
10. Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:
1) Парламентте қаралуы Мемлекет басшысының атынан шұғыл немесе басым деп жариялау жоспарланған заң жобалары;
2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеп, Парламент Мәжілісіне енгізуге тиіс заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдарды, кодекстерді өзгерту мен толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық
қатынастарды реттейтін заң жобалары;
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.09.21.
N 413
Жарлығымен.