Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 13 қараша N 720

Жаңартылған

      "Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығына  сәйкес келтiру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат):
     жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
     "Қазақстан Республикасының
     Бағалы қағаздар жөнiндегi
     Ұлттық комиссиясы                                    87"
     деген жолдар алып тасталсын;
     2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 173 Жарлығына :
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколында:
      1-қосымшадағы реттiк нөмiрi 35-жол алып тасталсын;
      2-қосымшадағы реттiк нөмiрi 36-жол алып тасталсын;
      3) "Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының төрағасы және атқарушы директорлары - комиссия мүшелерi" деген жолдар алып тасталсын;
      4) "Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 371 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 186-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiнде:
      ", Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы" деген сөздер алып тасталсын;
      5) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 372 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацында: "Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның атқарушы Директорлары мен мүшелерi;" деген сөздер алып тасталсын;
     6) <*>
     Ескерту. 1-тармақтың 6) тармақшасының күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284 жарлығымен .
     2. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық  комиссиясының мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 25-құжат; N 28, 330-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті