Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 13 қараша N 720

Қолданыстағы
      "Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 U010654_ Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай

өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi 
оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  

U990029_

  Жарлығына (Қазақстан 
Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 
2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат):
     жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
     "Қазақстан Республикасының
     Бағалы қағаздар жөнiндегi
     Ұлттық комиссиясы                                    87"
     деген жолдар алып тасталсын;


      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 173 U990173_ Жарлығына:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколында:
      1-қосымшадағы реттiк нөмiрi 35-жол алып тасталсын;
      2-қосымшадағы реттiк нөмiрi 36-жол алып тасталсын;
      3) "Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 U990317_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының төрағасы және атқарушы директорлары - комиссия мүшелерi" деген жолдар алып тасталсын;
      4) "Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 371 U000371_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 186-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiнде:
      ", Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы" деген сөздер алып тасталсын;
      5) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 372 U000372_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацында: "Бағалы қағаздар

жөнiндегi ұлттық комиссияның атқарушы Директорлары мен мүшелерi;" деген 
сөздер алып тасталсын;
     6) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған 
органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 
 

U010575_

  Жарлығына:
     жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
"Бағалы 11,11 11,67 12,22 12,78 13,33 13,67 14,00 14,33 14,67 14,78 15,00"
қағаздар
жөнiндегi 
ұлттық 
комиссия.
ның
мүшелерi
     деген жолдар алып тасталсын.
     2. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық 
комиссиясының мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 
11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының (Қазақстан Республикасының 
ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 25-құжат; N 28, 330-құжат) күшi жойылды деп 
танылсын. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.