Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 7 ақпан N 549

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабының  8) тармақшасына сәйкес ақша айналымында қолма-қол ақшамен төлемдер жасалған кезде ақша белгілерін - тиындарды іс жүзінде қолданудың тоқтатылғанын ескере отырып, қаулы етемін:

      1. Қолма-қол ақша белгілері - тиындар (бұдан әрі - тиындар) ақша айналымынан алынсын.

      2. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу олар айналымнан толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету және тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі өзгеріссіз қалдырылсын.

      4. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, сондай-ақ қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгемен айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілейді.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджеттен тиындармен есептелген барлық әлеуметтік төлемдер сомасын тиындардың сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін, дөңгелектеу тәртібін әзірлеп, бекітсін.

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      7. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті