Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 22 желтоқсан N 528

Жаңартылған

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 163 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін:
     1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
     2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 163 Жарлығымен.
     3. Мыналар:
     1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады;
     2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін.
     4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
     1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

Қазақстан Республикасы     
Президентінің          
2000 жылғы 22 желтоқсандағы  
N 528 Жарлығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президенті - Елбасы Қорының
ЖАРҒЫСЫ

      Ескерту. Жарғы алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 163 Жарлығымен.