Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы N 512 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан - 2030" K972030_ ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасының фармацевтік секторын одан әрі дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 1-қосымшасында: реттік нөмірі 12-жолдың 4, 5, 6 және 7-бағандары мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Екафарма" 4,0 млн.$ 2000 2002 қазақстан-бельгия инвестициялар бірлескен кәсіпорны ".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті