Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 14 желтоқсан N 512

Қолданыстағы
      "Қазақстан - 2030" K972030_ ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасының фармацевтік секторын одан әрі дамыту мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 
фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасының 1-қосымшасында: 
     реттік нөмірі 12-жолдың 4, 5, 6 және 7-бағандары мынадай мазмұндағы 
жолмен толықтырылсын: 
     
     "Екафарма"                 4,0 млн.$                 2000 2002 
қазақстан-бельгия             инвестициялар 
бірлескен кәсіпорны                                               ". 
     
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.