"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Z960048_ Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасы бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі N 445 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының туы тікбұрыш нысанды, ұзындығы 145 см және ені 115 см, үш жағынан алтын түстес шашақпен көмкерілген, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы түстес) матадан жасалады. Матаның өң жағының орта тұсында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы кестеленген. Кестеленген Елтаңбаның диаметрі 50 см. Елтаңба периметрі бойынша алтын түстес қосарланған баумен көмкеріледі. Елтаңбаның үстіңгі жағында, матаның жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген алтын түстес жазу кестеленеді. Әріптердің биіктігі 5,5 см. Елтаңбаның астыңғы жағында, матаның төменгі бөлігінде "ӨРТТЕН ҚОРҒАУ ҮШІН" деген алтын түстес девиз кестеленген. Девиздің әріптерінің биіктігі 9 см. Матаның сырт жағының ортасында, "желдер бағыты" мен халықаралық азаматтық қорғаныс белгісі (қою сарғыш түс шеңберіндегі көгілдір ұшбұрыш) бейнеленген жер шарының айшықты контурының бейнесі кестеленген. Бейненің мөлшері 80х58 см. Матаның жоғары жиегін бойлай биіктігі 5,5 см алтын түстес әріптермен "МІНДЕТ, ӨЖЕТТІК, ЕРЛІК!" деген девиз кестеленген. Матаның төменгі жиегін бойлай Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің аумақтық органының атауы алтын түспен кестеленген. Әріптердің биіктігі 3 см. Тудың сабының жоғарғы жағы алтын түстес металл ұштыққа
ұласады. Саптың ұзындығы 3 м. Тудың бауы ширатылған, алтын түсті жібектен жасалады, баудың ұштарында қос шашағы бар. Баудың ұзындығы 2,5 м. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының туы кестелеу, құрақтау және жібекпен өрнектеу техникасымен орындалады. Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.