Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 шілде N 417 Жарлығы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына  және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 334 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасына сәйкес және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында қаулы етемін:
      1. <*>
      2. <*>
      3. <*>
      Ескерту. 1,2,3-тармақтардың күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.05.07. N 1085 жарлығымен .
      4. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы" 1997 жылғы 17 қарашасындағы N 3761 Жарлығының ;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 282 Жарлығының  2-қосымшасы 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті