1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мынадай құрылымы
бекітілсін: 1) Қарулы Күштердің әскери басқару органдары (орталық және жергілікті әскери басқару органдары); 2) Қарулы Күштер түрлері - Құрылықтағы әскерлер, әуе қорғанысы күштері. Құрылықтағы әскерлер құрамында: (Шығыс, Батыс, Орталық, Оңтүстік) әскери округтері, әскер тектері (ракета әскерлері мен артиллерия, әуе шабуылынан қорғану әскерлері); 3) Қарулы Күштердің әскер тегі- Ұтқыр күштер; 4) Арнайы әскерлер; 5) Қарулы Күштер тылы; 6) әскери-оқу орындары, әскери-ғылыми мекемелер. 2. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі шекараларының шегінде әскери округтердің орналасуы айқындалсын: 1) Оңтүстік әскери округі (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары); 2) Шығыс әскери округі (Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстыры); 3) Орталық әскери округі (Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары); 4) Батыс әскери округі (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары). 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) құрылатын әскери округтердің қажетті инфрақұрылымын жасауды мынадай мерзімдерде қамтамасыз етсін: Оңтүстік және Шығыс әскери округтері - 2000 жылдың IV тоқсаны; Орталық әскери округі - 2001 жылдың IV тоқсаны; Батыс әскери округі - 2002 жылдың IV тоқсаны;
2) үш ай мерзімде Қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Мемлекет басшысының қарауына енгізсін;
3) үш ай мерзімде осы Жарлыққа сәйкес әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізсін;
4) үш ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы" 1997 жылғы 17 қарашасындағы N 3761 U973761_ Жарлығының;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 282 U990282_ Жарлығының 2-қосымшасы 3-тармағының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.