"Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбiр мәселелері" туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 Қаулысына түсініктеме

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі Кеден және Салық кодекстерiнiң нормаларын орындау үшін Үкiметтiң "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнің кейбір мәселелерi" туралы 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысын (бұдан әрі - Қаулы) бекiтті.
      Қаулы қабылданғанға дейiн жеке тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741 қаулысымен бекiтiлген жеке тұлғалардың тауарларды өткізу шарттары және нормалармен қатар кедендiк құннан 2 пайызға тең, бірақ, 0,02-2 еуро/кг-дан кем емес әкелінетiн тауарларға арналған кеден баждарының бiрыңғай ставкасы бекiтiлген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiмен регламенттелген. Бұл peттe 15 пайыз ҚҚС-ты жеке тұлға жеке төледi.
      Қаулы жеке тұлғалардың республиканың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзуiнiң белгiлi бiр шарттарын бекітуді көздейдi, атап айтқанда:
      1) тауарлардың мақсатқа арналуын айқындаудың өлшемдерi;
      2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге/ уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi;
      3) оңайлатылған тәртiппен әкелетiн тауарларға жиынтық кедендiк төлем;
      4) жеңiлдетiлген тәртіп көзделмеген тауарлардың салмақтық және құндық нормалары;
      5) тауарларды жеңiлдетiлген тәртіппен өткiзуiнің шарттары мен нормалары;
      6) акциздер салуға жатпайтын акцизделетiн тауарларды импорттау нормалары;
      7) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерiмен өткiзудiң шарттары мен нормалары.
      Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлар егер, олар тауарлардың мақсатқа арналуын айқындаудың өлшемдерiне сәйкес болмаса өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады. Осы орайда бұл көрсеткiштер Қазақстан Республикасына/нан тұрақты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалар оларды өткiзген кезде пайдалануда болған тауарларға қатысты қолданылмайды.
      Кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге/уақытша әкетуге рұқсат етілетін тауарлардың тiзбесi толығымен кеден iсi саласындағы халықаралық нормаларға сәйкес келедi ("Кеден рәсiмдерiн жеңiлдету мен үйлестiру туралы халықаралық конвенциясы" (Киот конвенциясы), J Арнайы қосымша, 20-шы стандартты ереже).
      Тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен өткiзудiң шарттары мен нормалары "Дүниежүзілік почта одағының конвенциялары мен келiсiмдерiнде (Пекин, 1999 жыл)" белгiленген халықаралық нормаларға сәйкес келедi.
      Жеке тұлғалардың қызығушылығын тудыратын негiзгі мәселе оңайлатылған, жеңiлдетілген тәртіптер болып табылады. Кеден кодексiне және Қаулыға сәйкес тауарларды өткiзудiң жеңiлдетiлген тәртiбi кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбауды, ал оңайлатылған тәртіп тауарларды ресiмдеу кезiнде кедендік төлемдердi, салықтарды төлеуден, тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан босатпастан кедендік рәсiмдердi қолданудан босатуды (жеке тұлғаның тек кiрiстiк кеден ордерін толтыруы) көздейді.
      Сонымен бiрге, жеке тұлға кедендік төлемдер мен салықтарды жиынтық кедендiк төлем (бұдан әрі - ЖКТ) түрiнде төлей алады.
      Қаулымен ЖКТ ставкасын кедендік құннан 17 пайыз, бiрақ 0,5 евро/кг-дан кем емес мөлшерде белгiлендi, яғни кедендiк құннан 2 пайызға тең+15 пайыз ҚҚС.
      Бұл ретте ерекше жиынтық барлық тауарлар үшін бiрыңғай болды.
      ЖКТ-ны енгiзу кедендiк ресiмдеу мен бақылау рәсiмдерiн жеңiлдетуге және оңайлатуға, жеке тұлғаға кеден брокерінің қызмет көрсетуін және кедендік ресiмдеу үшiн алымдар төлеуде үнемдеуге мүмкiндiк береді.
      Солай бола тұрса да, жеке тұлға жеңiлдетiлген тәртіппен ЖКТ-ны қолданудан өз еркiмен бас тартуға және кедендік рәсiмдеудi жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.
      17 пайыз, бiрақ 0,5 евро/кг-дан кем мөлшердегі ЖКТ бұл ретте жеңiлдiктер мен тауарларды ресiмдеудің оңайлатылған тәртiбiн сақтай отырып кедендік төлемдер мен салықтарды алуды қамтамасыз етедi.
      Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн 07 және 08 тауар топтарына (көкөнiстер және кейбiр жеуге жарайтын тамыр тұқымдары мен түйнек жемiстер, жеуге жарайтын тұқымдар (жемiстер) мен жаңғақтар; цитрустылардың немесе қауындардың қабықтары мен қыртыстары) салмақтық нормалардың 1000 кг-ға дейiн өсуi аталған өнiмдердi 200 кг-ға дейiн өткiзу тауарларды тасымалдауға және жүк кедендiк декларацияны ресiмдеуге байланысты үстеме шығыстарды ақтамайтындығына байланысты.
      Қаулымен республиканың кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзудiң жоғарыда аталған шарттарын қабылдау жеке тұлғаларға тауарларды кедендiк ресiмдеуге байланысты шығыстар мен уақытты неғұрлым қысқартуға мүмкiндiк бередi.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кедендiк бақылау комитетi