Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 19/2

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың:
      өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты Х.Д.Көшқалиевтің және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi аппаратының Заң шығару және мониторинг орталығының директоры Қ.Т.Жақыпбаевтың;
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К.Фоостың;
      Қазақстан Республикасы әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың қатысуымен,
      өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнішін қарады.
      Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар - Конституциялық Кеңестің мүшелерi А. Есенжанов пен А.К.Котовты, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келіп түстi.
      Өтiнiш субъектiсi бұл ретте мынаны түсiндiрiп берудi сұрайды:
      1) Конституцияның 52-бабы 1-тармағының ережесi саяси партия тiзiмiнiң негiзiнде сайланған Парламент депутаты өз өкiлеттiгiн орындауы кезiнде депутаттың позициясына ықпал ету үшiн саяси партияға кедергi болып табыла ма? Партиялық тiзiм негiзiнде сайланған депутатты оның позициясы партияның саяси бағытынан алшақ болуына байланысты партия мүшелiгiнен шығару депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға апарып соқса, Конституцияның осы нормасын бұзу ретiнде қаралуы мүмкiн бе?
      2) Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында жазылған "Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi" деген тұжырым Конституциялық Кеңестің кеңейтiп түсiндiру құқығын және Конституцияда тiкелей жазылмаған нормаларды жасайтын түсiнiк беру мүмкiндiгiн көздей ме?
      3) Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағында көзделген Конституциялық Кеңестің шешiмi "түпкiлiктi" дегенде ненi түсiну керек? Конституциялық Кеңес Конституцияның белгiлi бiр нормасы бойынша жаңа шешiм қабылдауы мүмкiн бе?
      Өтiнiште атап көрсетiлгенiндей, бұл сұрақтарды түсiндiру қажеттiлiгi Конституцияның жоғарыда аталған нормалары мен Конституциялық Кеңестің қолданыстағы 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 S970011_ мен 23 мамырдағы N 12/2 S970012_ және 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 S010007_ үш қаулыларын қолданудағы қиыншылықпен анықталады.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру кезiнде, Конституциялық Кеңес мыналарды ескердi:
      1. Конституцияның 52-бабының 1 және 5-тармақтары, сондай-ақ Негiзгi Заңның дәл осы бабының 3 және 5-тармақтары, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты төрағасының өтiнiшi бойынша 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 және Мәжiлiсi төрағасының өтiнiшi бойынша 1997 жылғы 23 мамырдағы N 12/2 қаулыларда, сондай-ақ бiр топ Мәжiлiс депутаттарының өтiнiшi бойынша 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулыда Конституциялық Кеңестің ресми түсiндiру нысаны болған.
      Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 және 23 мамырдағы N 12/2 қаулылары, Республиканың әкiмшілiк-аумақтық құрылымын өзгерту тиiсiнше Сенат немесе Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтату үшiн негiз болып табыла ма деген сұраққа байланысты болатын. Конституциялық Кеңес бұл қаулыларда Республиканың әкiмшілiк-аумақтық құрылымын өзгерту Парламент депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды деп түсiндiрдi. Кеңес, Республика Конституциясы депутаттық өкiлеттiктi тоқтату үшiн мейлiнше толық негiздердi белгiлеп берген деп атап көрсеттi. Бұл орайда ол, Негiзгi Заңның 52-бабы 5-тармағындағы, Парламент депутатының өкiлеттiгi "Конституцияда көзделген өзге де реттерде" тоқтатылатыны туралы нұсқауға сiлтеме жасай отырып өз ұйғарымын растады.
      Кеңестің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 S970011_ және 23 мамырдағы N 12/2 S970012_ қаулыларында, өтiнiш субъектiлерiнің Конституциялық Кеңестің алдына мәселелердi нақты қоюына байланысты, Конституцияның әртүрлi нормаларымен көзделген және осы нормаларды қолдану барысында туындайтын, Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатудың барлық реттерiн баяндап беру көзделiнбеген болатын. Оның үстiне, қаулылардың мазмұны мен мағынасынан келiп шығатыны, Конституцияның K951000_ 52-бабының 3 және 5-тармақтарында жазылған, Парламент депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтату реттерiн Конституциялық Кеңес мейлiнше толық деп есептемейдi.
      1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 және 23 мамырдағы N 12/2 қаулыларда Қазақстан Республикасы Конституциясының өзге баптарының ережелерi аталып, одан Парламент депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатудың өзге де тұтас бiр қатар конституциялық негiздерi келiп шығады. Алайда мұндай негiздердің бәрiне мейлiнше толық талдау жасау Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi төрағаларының Конституциялық Кеңеске берген өтiнiштерінің өзiнде көзделмеген болатын.
      Оның үстiне, Конституциялық Кеңестің бұл қаулылары кейiнiрек туындаған конституциялық-құқықтық жағдайларды назарға ала алмайтын. Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңмен, 1998 жылғы 7 қазанда саяси партиялардың парламенттiк өкiлдiгi арқылы сайлау жүйесi енгiзiлдi. Атап айтқанда, Негiзгi Заңның, Парламент Мәжiлiсінің құрамына қатысты, 50-бабының 3-тармағы "он депутат бара-бар өкілдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады" деген ережемен толықтырылды.
      Конституциялық Кеңес, оның 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 және 23 мамырдағы N 12/2 қаулылары және 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулысы бiр-бiрiне қайшы келедi деп таппайды. Бiр топ Парламент депутаттарының, Конституцияның 52-бабы 3 және 5-тармақтарымен тiкелей көзделмеген бiрқатар жағдайлар Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға және оны өкiлеттiгiнен айыруға негiз ретiнде танылуы мүмкiн бе деген сұрақты ресми түсiндiруге қаратылған өтiнiшi осы соңғы қаулының нысаны болды. Олардың қатарында "партиялық тiзiм негiзiнде Парламент депутаты сайланған саяси партияның таратылуы немесе оның осы партиядағы мүшелiгiнің тоқтатылуы" және "партиялық тiзiм негiзiнде Парламент депутаты болып сайланған депутатты саяси партияның керi шақырып алуы" сияқты жағдайлар болатын. Сол арқылы, Конституцияға 1998 жылғы 7 қазанда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн, оның жаңа ережелерiн пайдаланудан келiп шығатын бұл өтiнiштің нысаны, Конституциялық Кеңестің алдына депутаттық өкiлеттiктiң тоқтатылуы мәселесiне қатысты және бiр қаулы қабылдау шартын қойды. Бұл өтiнiш бойынша ресми түсiндiру Конституциялық Кеңестен, Конституцияның қабаттас нормаларымен реттелетiн жағдай туындайтын кезде, оларды қолданудан депутаттық өкiлеттiктi тоқтату үшiн негiз келiп шығатын Конституцияның осы нормаларын талдауға негiзделген жүйелi көзқарасты талап еттi.
      Мәселен, Конституцияның K951000_ 50-бабы 3-тармағының және 51-бабы 5-тармағының саяси партиялардың партиялық тiзiмдер негiзiнде Мәжiлiстегi бара-бар өкiлдiгi туралы нормалары, партия таратылған немесе партия мүшесi, шығу себептерiне қатыссыз, оның құрамынан шыққан жағдайда депутаттық өкiлеттiктен айрылуды белгiлейдi. Депутаттық мандатты бара-барлық негiзде партиялық тiзiм бойынша кезектегi адам иеленуге тиiс. Әйтпесе Конституцияның 50-бабы 3-тармағының және 51-бабы 5-тармағының нормалары бұзылады. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде жетi пайыз даусын жинаған саяси партияларға Конституцияның осы нормаларымен берiлетiн он депутаттық мандат толмай қалады. Саяси партиялардың өкiлдiгi бара-бар болмай қалады. Егер сол немесе өзге бiр саяси партияның өкiлдiгiн, мандатты берместен, оның тiзiмi бойынша кезектегi партия мүшесiмен толықтыруға жол берiлетiн болса, онда Парламент Мәжiлiсi депутаттарының жалпы саны Конституцияның 50-бабы 3-тармағында белгiленген - 77 депутаттан асып кетедi.
      Негiзгi Заңның 50-бабының 3-тармағымен және 51-бабының 5-тармағымен бекiтiлген, саяси партиялардың Парламент Мәжiлiсiндегi бара-бар өкiлдiгi туралы Конституцияның ережесi, кезектi шақырылған Парламент сайлауының қорытындысы бойынша депутаттық мандаттарды бөлiсу кезеңiн ғана емес, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісi өкiлеттiгiнің бүкiл мерзiмi iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша депутаттық мандаттарды реттеудi де қамтиды.
      Сондықтан саяси партияның депутаттық мандатты, осы партияның құрамынан шығып қалған Мәжiлiс депутатының орнына, оның сайлау тiзiмi бойынша кезектегi партия мүшесiне беруi депутатты керi шақырып алу немесе оны өкiлеттiгiнен айыру болып табылмайды. Конституцияның 57-бабы 4) тармақшасына сай, Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Парламент Мәжілісiнің депутаттық өкiлеттiктi тоқтатуы, бұл ретте партиялық тiзiм бойынша сайланып, сол партиядағы мүшелiгiн тоқтатқан депутаттың мандаттан айрылуы заңдық фактiсiн Палатаның кесiмiмен ресiмдеу болады.
      Депутаттың қандай да болсын аманаттық мандаттан тәуелсiздiгi туралы Конституцияның 52-бабының 1-тармағына, Конституциялық Кеңес қаулыларының, Конституцияның K951000_ 50-бабы 3-тармағы және 51-бабы 5-тармағы нормаларының мазмұнынан келiп шығатын, құқықтық позициясы қайшы келмейдi. Конституциялық Кеңес өзiнің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 S970011_ және 23 мамырдағы N 12/2 S970012_ қаулыларында Конституцияның 52-бабы 1-тармағын қалай түсiндiрген болса, 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 S010007_ қаулысында да өтiнiш нысанын түсiндiру барысында Конституцияның 52-бабы 1-тармағының нормасын мазмұны бойынша дәл солай түсiндiредi және ол берген түсiндiру өзгермейдi.
      2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулыда Конституциялық Кеңес "партиялық тiзiм негiзiнде сайланған Парламент депутатын керi шақырып алу туралы саяси партияның шешiмi, оның өкiлеттiгiн тоқтатуға негiз бола алмайды", - деп түсiндiрген болатын. Саяси партиялардың Жарғылары мен қызметi Конституцияға және соған сәйкес келетiн Конституциялық Кеңестің қаулыларына кереғар болмауға тиiс.
      Конституциялық Кеңес 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулыда бiлдiрген өзiнiң құқықтық позициясы арқылы, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 87-бабы 2-тармағының партиялық тiзiмдер туралы ережесiн Конституция нормаларына сәйкес келтiруге назар аударады. Жоғарыда аталған Конституциялық Кеңестің қаулысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Z952464_ Конституциялық заңның 87-бабы 2-тармағына қайшы келе алмайды, өйткенi Конституциялық Кеңестің құрамы үшiн ешбiр актiлердiң алдын-ала мiндеттеушi күшi жоқ. Тек қана Конституция және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығы ол үшiн осындай күшке ие. Конституцияның 50-бабы 3-тармағының және 51-бабы 5-тармағының мазмұнынан келiп шығатыны, саяси партиялар осы партиялардың мүшелерi болып табылмайтын адамдарды Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшiн партиялық тiзiмдерге қосуға хақылы емес.
      2. Конституцияның K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi "Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi" деп көзделген.
      Сол арқылы Конституция өзiнiң iшiндегi нормаларға ресми түсiндiрме беру үшiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне айрықша құқық бердi.
      Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру дегенiмiз, Конституциялық Кеңестің конституциялық нормалардың мазмұны мен мағынасын анықтауы және түсiндiруi. Ол, конституциялық нормалардың кейбiрiне дерексiздiк пен арнайы терминология тән болғандықтан, сондай-ақ Конституцияның жекелеген ережелерiн өтiнiш субъектiлерi анық қабылдай алмауына және оларды қолдану практикасында қайшылықтар туындауынан келiп шыққан.
      Конституцияның нормаларын ресми түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес тәуелсiз болады және тек Конституцияға ғана бағынады. Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме беру құқығынан, Конституциялық Кеңес шешімдерінің, Конституциялық Кеңестің түсiндiру нысаны болған нормалардың заңдық күшiне тең, заңдық күшi келiп шығады. Конституциялық құқықтың нормалары, Конституцияның 4-бабының 1-тармағымен Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың қайнар көзi болып танылған, Конституциялық Кеңестің тиiстi қаулыларының ережелерiмен бiрге қолданылады. Конституциялық норманың тоқтата тұрылуы, жойылуы немесе өзгертiлуi Конституцияның нормасын ресми түсiндiру жөнiндегi Конституциялық Кеңестің тиiстi қаулысының тоқтата тұрылуына, жойылуына немесе өзгертiлуiне әкеп соқтырады.
      Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру - бұл нормативтiк түсiндiру, оны Конституциялық Кеңес Конституция нормаларының мазмұнынан үзіндi алып, анықтаудың түрлi тәсiлдерi көмегiмен Конституция нормаларының сөзбен берiлген мағынасына сәйкес бередi. Түсiндiрудің көлемiн алдын-ала белгiлеу мүмкiн емес, Конституциялық Кеңес Конституция нормаларын ресми түсiндiрудiң ғылыми заңдық әдiстерiн таңдауда тек Конституцияның өзiне ғана тәуелдi. Конституция нормаларының, оның жалпы ережелерiмен және принциптерiмен қисынды түрде байланыстылығы мен қабаттастығы назарға алынады. Конституциялық Кеңестің нормативтiк түсiндiрулерi, Конституция нормаларын тек өтiнiш субъектiлерiнің мәселелерi бойынша ғана түсiндiруге жағдай жасай отырып, бұл нормалардың мағыналық түсiндiрмесiн тiкелей конституциялық реттеу үшін толықтыра түседi. Бұл орайда Конституциялық Кеңестің, Конституцияның нормаларынан келiп шығатын, құқықтық позициясы Конституцияның өзiне сәйкес келедi.
      Конституцияның мазмұнынан, онда жазылған нормалардан, жалпы ережелер мен принциптерден тiкелей келiп шықпайтын ұйғарымдарды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жасамайды. Конституцияның нормаларын түсiндiре отырып, Кеңес конституциялық реттеу нысанының шегiнен шығып кетпейдi.
      3. Конституция 74-баптың 3-тармағында Конституциялық Кеңес шешімдерінің жалпыға бiрдей заңдық күшiн баянды етіп, күшiне енуiнің кiдiрiссiз тәртiбiн белгiлейдi.
      Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктілігi оның заңдық күшінің ажыралмас қасиетi болып табылады, ол қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық iс жүргiзудiң қисынды түрде аяқталғанынан айғақ бередi. Конституциялық Кеңес шешімiнің түпкiлiктiлiгi оның сол бәз-бiр себеп бойынша өтiнiш беру субъектiсi үшiн, сондай-ақ сөзсiздiгiне меңзейдi, өйткенi Конституцияның K951000_ 74-бабы 3-тармағына сай, Конституциялық Кеңестің шешімдерi "шағымдануға жатпайды". Бұл, шешiмге шағымдануға ешкiмнің құқығы да, ондай саты да жоқ, дегендi білдiредi. Сонымен бiрге, ерекше жағдайларда конституциялық құқықтың нормаларында Конституциялық Кеңестің өзi үшін, қолданыстағы қаулыны қайта қарау немесе оны түсiндiру жөнiнде қосымша қаулы қабылдау мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.
      Конституциялық Кеңестің қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келмеуге тиiс. Конституциялық Кеңестің қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күшi, Кеңес конституциялық емес деп тапқан заңдық нормаларды қайта қабылдау арқылы еңсерiлмейдi.
      Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру туралы Конституциялық Кеңестің қаулылары Қазақстан Республикасының аумағында барлық мемлекеттiк өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар мен олардың бiрлестiктерi үшiн мiндетті.
      Конституциялық Кеңестің шешiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне, Конституцияның 73-бабы 4-тармағына сай, Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн. Қарсылық шешімнің мәтiнiн ол алған күннен бастап он күндiк мерзiм iшiнде білдірiледi, бұл Конституция мызғымастығының кепілі ретiнде Республика Президентiнiң тез арада шара қолдану қажеттiгiнен туындайды. Конституциялық Кеңес Президенттің қарсылығын Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсінің даусымен еңсеруге хақылы. Бұндай жағдайда Конституциялық Кеңестің қаулысы заңдық күшiн сақтайды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 40-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес өзi қабылдаған шешiмдердi орындау тәртiбiн белгiлеуге хақылы. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар, Конституциялық Кеңес белгiлеген мерзiм ішінде, Конституциялық Кеңестің шешiмiн орындау бойынша қабылданған шаралар туралы оған хабарлауға мiндеттi.
      Конституциялық Кеңестің Конституцияның сол бәз бiр нормасы бойынша жаңа шешiм қабылдауы өзге мәселеге, өтiнiш субъектiсiнде басқа жағдайда белгiсiздiк туындауына, сол бәз бiр конституциялық норманың нақты нұсқауын немесе нұсқауларын қолдану немесе орындауға байланысты болуы мүмкiн.
      Конституцияның сол бәз бiр нормасы бойынша Конституциялық Кеңестің жаңа қаулысы, осы конституциялық нормаға қатысты бұдан бұрынғы қаулыға кереғар болмауға тиiс. Бұндай қаулы Конституцияның осы нормасын ресми түсiндiру жөнiндегi Конституциялық Кеңестің бұдан бұрынғы қаулысының құқықтық позициясын толықтыруы және дамытуы мүмкiн.
      Осылайша, Конституцияның 52-бабы 3 және 5-тармақтарын өтiнiш субъектiсінің сұрағы бойынша ресми түсiндiруге қатысты, Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 S970011_ және 23 мамырдағы N 12/2 S970012_ қаулыларда және 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 S010007_ қаулыда бiлдiрген құқықтық позициясы күшінде болады. Конституцияның K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және 74-бабының 3-тармағы тиiсiнше Конституциялық Кеңестің Конституция нормаларына ресми түсiндiрме беру құқығын және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi шешімдерiнің нормативтiк сипатын баянды етедi.
      Баяндалғанның негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, сондай-ақ 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 3 және 5-тармақтарын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 S970011_ және 23 мамырдағы N 12/2 S970012_ қаулыларында және 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 S010007_ қаулысында оларға қалай ресми түсiндiрме берiлген болса, солай деп түсiнген жөн, ол қаулылар күшiн сақтайды.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру құқығы тек Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне ғана берiлгенiн бiлдiредi.
      Конституция нормаларының мазмұнын түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес, олардың сөзбен берiлуiн, Конституция нормаларының оның жалпы ережелерi мен принциптерiмен қисынды түрде байланысуын және қабаттасуын ескередi.
      3. Конституцияның 74-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің шешiмдерi жалпыға бiрдей заңдық күшке ие және кідiрiссiз күшiне енедi дегендi білдiредi.
      Конституциялық Кеңес шешімінің түпкiлiктiлiгi - бұл шешімнің заңдық күшінің ажыралмас қасиетi, ол өтiнiш келiп түскен мәселеге байланысты қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық iс жүргiзудің аяқталғанынан айғақ бередi. Өтiнiш субъектiлерiнің оған шағымдану мүмкiндiгi Конституцияда көзделмеген.
      Конституциялық Кеңестің сол бәз бiр Конституция нормаларын түсiндiру мәселелерi жөнiндегi қаулылары бiр-бiрiне кереғар болмауға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына

сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және 
шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей 
мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында 
көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
     5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс 
тiлдерiнде жариялансын. 
     
      Қазақстан Республикасы 
     Конституциялық Кеңесiнің 
            Төрағасы 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.