Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А. Ким және Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.И.Акуев, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Н.Сәбікенов, С.Ғ.Темірболатов, В.Д.Шопин қатысқан құрамда 1997 жылғы 16 мамырдағы ашық мәжілісте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдидің Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру жөніндегі өтінуін қарады.
Мәжіліске: өтіну субъектісінің өкілдері - Парламент Сенатының заң шығару және сот-құқық реформасы жөніндегі Комитетінің хатшысы А.К.Котов, Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлімінің меңгерушісі Э.Б.Мұхамеджанов; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заң шығару сот жүйесі мәселелері жөніндегі Бөлімінің меңгерушісі Б.А.Мұхамеджанов; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Я.Балиева, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Е.В.Кулешова қатысты.
Баяндамашылар - Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.И.Акуев және С.Н.Сәбікеновтің хабарларын, А.К.Котов, Э.Б.Мұхамеджанов, З.Я.Балиева, Б.А.Мұхамеджановтардың сөздерін тыңдап, қолда бар материалдарды зерттей келе, Конституциялық Кеңес ұйғарды:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 1997 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдидің Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатуға қатысты бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы өтінуі келіп түсті. Конституциялық Кеңес 1997 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен аталған өтінуді конституциялық өндіріске қабылдады.
Қаралған өтінуде: "Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту Сенат депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табыла ма?" деген мәселе қойылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына талдау және қаралып отырған мәселедегі оған сәйкес заңдар негізінде Конституциялық Кеңес аталған конституциялық нормаларды түсіндіруде мыналарды еске алды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5- тармақтарында Парламент депутаттарының өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылатын мынадай жағдайлардың тізбегі келтірілген:
- Парламент депутаты басқа өкілді органның депутаты болғанда;
- Парламент депутаты оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқарғанда, сондай-ақ кәсіпкерлікпен шұғылданғанда, коммерциялық ұйымның басшы органына немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіргенде;
- қызметінен кетуге өтініш бергенде;
- депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғанда;
- Парламент таратылғанда;
- Парламент депутатына қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгізілгенде;
- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты қоныс аударғанда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағында: "... Конституцияда көзделген өзге де реттерде..." Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылатыны көрсетілген. Мұндай реттерге, атап айтқанда, Парламенттің өкілеттігінің аяқтаулы жатады (49-баптың 2-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясында Республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымын өзгертуге байланысты Сенат депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға болады деген негіз айтылмаған.
Ескерту. Дәлелдеме бөлігіне өзгерту енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 08.11.2007 N 9 Қаулысымен.Айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру тәртібімен қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент депутаттарының өкілеттігін тоқтатудың негіздерінің тізбегін белгілеп берген. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту Қазақстан Республикасы Парламенті сенаты депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.11.2022 № 1 нормативтік қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың барлық аумағында жалпы міндетті болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда ол түпкілікті және арыздануға жатпайды.