Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысы 2001 жылғы 17 мамыр N 7. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 Қаулысымен

Күшін жойған

       Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08.  N 9  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың: 
      өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi мен Сенатының депутаттары Р.Қ.Сәрпеков пен Қ.Ғ.Ескендiровтің; 
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Қ.Т.Тұрғанқұлов пен комиссия мүшесi В.К.Фоостың, Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың, 
      қатысуымен өткен өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы  K951000_  Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады. 
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңес мүшесi А.К.Котовты, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: 
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. 
      Парламент депутаттары өзiнiң өтiнiшiнде, Конституцияның 52-бабының 3 және 5-тармақтарында тiкелей көзделмеген, оның iшiнде азаматтың Парламент депутаты болып сайлануының (тағайындалуының) мiндеттi шарттары болып табылатын мән-жайлардың болмауы немесе жойылуы Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өкілеттiгiн тоқтатуға және одан айыруға негiздеме ретiнде танылуы мүмкiн бе, соны түсiндiрудi өтiнедi. 
      Атап айтқанда, мынадай мән-жайлар: 
      1) Парламент депутатының қайтыс болуы; 
      2) Парламент депутатының Қазақстан азаматтығынан айрылуы; 
      3) Парламент депутаты болып табылатын адамның хабар-ошарсыз кеттi деп танылғаны туралы заңды күшiне енген сот шешімiнің болуы; 
      4) партиялық тiзiм негiзiнде Парламент депутаты сайланған саяси партияның таратылуы немесе оның осы партиядағы мүшелiгiнiң тоқтатылуы; 
      5) партиялық тiзiм негiзiнде Парламент депутаты болып сайланған депутатты саяси партияның керi шақырып алуы. 
      Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi. 
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағында Парламент депутатының өкiлеттiгi "Конституцияда көзделген өзге де реттерде" тоқтатылады деп белгiленген. 
      Оларды айқындаған кезде Қазақстан Республикасы Конституциясының өзге нормаларын жүйелi түрде талдау қажет болады. 
      Депутаттық өкiлеттiктің тоқтатылуы - бұл жағдайлардың депутаттың өкiлеттiгiн жоғалтуына, депутатты өкiлеттiгiнен айыруға және депутаттар құрамынан шығып қалуына негiз ретiнде туындауының немесе оларды қолданудың салдары. 
      1. Парламент депутатының қайтыс болуы сияқты мән-жай, оның Мәжiлiс немесе Сенат депутаттары құрамынан шығып қалуына объективтi түрде әкеп соқтырады. Бұл мән-жай депутаттық өкiлеттiктiң тоқтатылуына табиғи негiз болып табылады, өйткенi, Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде бұрынғы Парламент депутатының, Конституцияның 13-бабымен көзделген, жалпы құқық субъектілігi тоқтатылады. 
      2. Парламент депутатының Қазақстан азаматтығын жоғалтуы немесе одан шығуы, Конституцияның 51-бабы 4-тармағының мағынасынан туындайтын, депутаттық өкiлеттiктің тоқтатылуына негiз болып табылады. Бұл тармақтың қағидаларымен Парламент депутаты (сенаторы) болып сайлану (тағайындалу) үшiн мiндеттi - Қазақстан Республикасының азаматы болу шарты белгiленген. 
      Парламент депутаты Қазақстан азаматтығын жоғалтуымен немесе одан шығуымен, бұл адам, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана берiлетiн, Конституцияның 33-тармағымен көзделген мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, оның органдарын сайлауға және оларға сайлануға саяси құқықтарын жоғалтады. 
      3. Парламент депутаты болып табылатын адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешімiнің болуы сияқты мән-жай (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің  K941000_  28-бабы), Парламент Палаталарының қай-бiрiнiң де құрамынан Парламент депутатының шығып қалуына, бұл да Конституциядан туындайтын, негіз бола алады. 
      Егер азамат туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, оны соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тануы, соның қатысуымен болған құқықтық қатынастардағы анық емес тұстарды жоюдың заңды нысаны болып табылады. Парламенттегi депутаттық өкiлеттiктi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтық қатынастар, Конституцияның 50-бабы 1-тармағының және 52-бабы 2-тармағының күшiне орай тұрақты және жеке сипатта болғандықтан, Парламент депутаты болып табылатын, және хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адам Парламентпен iс жүзiндегi және құқықтық байланысын жоғалтқан болады. 
      4. Саяси партияның таратылуы немесе соның партиялық тiзiмi негiзiнде сайланған Парламент депутатының осы партиядағы мүшелігiнің тоқтатылуы, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылуына әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде Конституцияның нормаларымен келiседi. Мәселен, Конституцияның "Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланады" деген 50-бабы 3-тармағынан, саяси партиялар үшiн Конституциямен енгiзiлген Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiндегi бара-бар өкiлдiк, оның өзi белгiлейтiн реттiлiкте, сол немесе өзге бiр партия мүшелерiнiң партиялық тiзiмдерi бойынша ғана iске асырылатыны келіп шығады. Партиялық тiзiмдi мiндеттi түрде Орталық сайлау комиссиясы тiркеуi керек және содан кейiн сол немесе өзге бiр партияның Парламент депутаттығына кандидаттарының тiзiмi ретiнде ол жарияланады. Бұл саяси партияға бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша сайлауға қатысу құқығын бередi. 
      Конституциялық Кеңестің пiкiрi бойынша, саяси партияның мүшесi болып табылмайтын Республика азаматтары, бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнің аумағы бойынша Парламент депутаты болып сайлану үшiн партиялық тiзiмге енгiзiлмейдi. 
      "Парламент депутаттығына саяси партиядан кандидат - осы партияның мүшесi" принципi Конституцияның 51-бабы 5-тармағында бекiтiлiп, онда "Мәжіліске сайлаудың қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер негiзiнде бөлуге дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде жетi процентiнің даусын алған саяси партиялар жiберiледi" делiнген. 
      Демек, саяси партияға қатыстылық, сайлау науқаны кезiнде уақытша байланыс емес, саяси партиялардың бара-бар өкiлдiгi негiзiнде Парламентке сайлаудың нәтижесiнде депутаттық өкiлеттiкке ие болудың құқықтық өлшемi болып табылады. Әйтпесе, саяси партияның таратылуы партиялық тiзiмдер бойынша Парламентке сайланған депутаттардың құқықтарының теңдiгi бұзылуына әкеп соқтырады. Таратылып жатқан сол немесе өзге бiр партияда мүшелiкте тұратын депутаттар өздерiнiң өкiлеттiгiн жоғалтатын болады. Осы партияның мүшесi болып табылмайтын, бiрақ соның партиялық тiзiмi бойынша Парламентке сайланған депутаттар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiгiн сақтап қалады, бұл Конституцияға сәйкес келмейдi. 
      Сайлау туралы заңнамада, партиялық тiзiм негiзiнде сайланған Парламент депутатының осы партиядағы мүшелiгiнiң тоқтатылуы сияқты мән-жайдың депутаттық өкiлеттiктi жоғалтуға негiз ретiнде ресiмделуi, Конституция нормаларына сәйкес келуi мүмкiн, өйткенi бұл жағдайда депутаттық мандаттың құқықтық негiздерi жоғалады. 
      5. Конституцияның 52-бабы 1-тармағы, Парламент депутатының қандай да болсын аманаттық мандатқа тәуелдi болмайтынын белгiлейдi. Бұл, Сенат пен Мәжiлiс депутаттарының, депутаттық өкiлеттiктi қай тәртiппен (тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырыстарында сайлануы; бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi немесе партиялық тiзiм негiзiнде бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша сайлануы) алуына қатыссыз, орындалуы мiндеттi аманат немесе тапсырма алмайтынын, өзінің депутаттық қызметiнде есеп беруге тиiс еместiгiн және өз өкiлеттiгінің бүкiл мерзiмi iшiнде оларды ешкiмнiң де керi шақырып ала алмайтындығын бiлдiредi. 
      Партиялық тiзiм негiзiнде Парламент депутаты болып сайланған депутатты, оның өкiлеттiгi тоқтатылуының заңдық негiзi ретiнде, саяси партияның керi шақырып алуы, мұндай депутаттар құқығының бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланған депутаттар құқығымен теңдiгiн бұзуға әкеп соқтырады. Ал депутаттың партияға қатыстылығы, оның Парламент депутаты мәртебесiн шектемеуге тиiс, сонымен қатар бұл мәртебеге еш нәрсе де қоса алмайды. 
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, 57-баптың 4-тармағында және 52-баптың 6-тармағында депутаттық өкiлеттiктi тоқтату немесе одан айыру туралы шешiмдi Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен Парламенттің тиiстi Палатасы қабылдайтынын белгiлейдi. Бұл процеске саяси партиялардың қатысуы көзделмеген. 
      Партиялық тiзiм негiзiнде Парламент депутаты болып сайланған депутатты, депутаттық өкiлеттiгi тоқтатылуының негiзi ретiнде, саяси партияның керi шақырып алуы Конституцияның 52-бабы 1-тармағына қайшы келедi. 
      Осылайша, Конституциялық Кеңес, Конституцияның 52-бабы 3 және 5-тармақтары, Конституцияның депутаттарды сайлау, олардың өкiлеттiгiн тану және депутаттық өкiлеттiк аяқталуының тәртiбiн реттейтiн өзге қағидаларынан туындайтын мән-жайларды, Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға және одан айыруға негiз ретiнде жоққа шығармайды деп есептейдi. 
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының  U952737_  17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 3 және 5-тармақтарын, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өкiлеттiгiн тоқтатудың олар белгiлеген негiздерi толық болып табылмайды деп түсiну керек. 
      Конституцияның нормаларынан туындайтын өзге жағдайлар, Парламент депутатының өкiлеттігі тоқтатылуына негiз бола алады. Өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, оларға Парламент депутатының қайтыс болуы, Парламент депутатының Қазақстан азаматтығын жоғалтуы, Парламент депутаты болып табылатын адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы заңдық күшiне енген сот шешiмi, саяси партияның таратылуы немесе партиялық тiзiм негiзiнде сайланған Парламент депутатының осы партиядағы мүшелігінің тоқтатылуы жатады. 
      Партиялық тiзiм негiзiнде сайланған Парламент депутатын керi шақырып алу туралы саяси партияның шешiмi, оның өкiлеттiгi тоқтатылуына негiз бола алмайды. 
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  74-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында 

 

көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

     3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс 

тілдерiнде жариялансын.

     

     

     Қазақстан Республикасы

    Конституциялық Кеңесiнің

           Төрағасы

     

     

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.