Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландырудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 192 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1396 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 шілдедегі N 634 P980634_ қаулысын орындау үшін:
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландыру жөніндегі қажетті құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасынан қабылдап алсын және оларды 1998 жылдың 1 желтоқсанынан бастап беруге кіріссін.
 
      Премьер-Министр