Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 5 қазан N 192
ҚолданыстағыҚазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландыру жөніндегі қажетті құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасынан қабылдап алсын және оларды 1998 жылдың 1 желтоқсанынан бастап беруге кіріссін.
Премьер-Министр