Төлемақы туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 3 қазандағы N 328. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N 1224 қаулысымен

Күшін жойған

      "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636  Жарлығын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан шақыру бойынша әскери мiдетiн өтеп жүрген кезеңде немесе қызметiн өтеп болғаннан кейiн әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жарақаттануы, контузия алуы, мүгедектiгi, ауруы салдарынан, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде (олардың құқықтық қарсы әрекеттерiнiң нәтижесiнде қайтыс болу жағдайын қоспағанда) қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем төлеудi жүзеге асыру үшiн 320 (үш жүз жиырма) млн. теңге бөлсiн. 

      Премьер-Министрдiң
     мiндетiн атқарушы