"Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына,
асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636
U973636_
Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан
шақыру бойынша әскери мiдетiн өтеп жүрген кезеңде немесе қызметiн өтеп
болғаннан кейiн әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жарақаттануы,
контузия алуы, мүгедектiгi, ауруы салдарынан, сондай-ақ ұрыс қимылдары
кезеңiнде (олардың құқықтық қарсы әрекеттерiнiң нәтижесiнде қайтыс
болу жағдайын қоспағанда) қаза тапқан, қайтыс болған әскери
қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр
жолғы төлем төлеудi жүзеге асыру үшiн 320 (үш жүз жиырма) млн. теңге
бөлсiн.
Премьер-Министрдiң
мiндетiн атқарушы