"ТұранӘлем Банк" жабық акционерлiк қоғамының қызметiн жақсарту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 5 маусымдағы N 166

Жаңартылған
      "ТұранӘлем Банк" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - ТұранӘлем Банкi) қызметiн жақсарту, сондай-ақ 1997 жылғы 2 маусымда Премьер-Министрде өткен кеңестiң хаттамалық шешiмiн орындау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi (Т.М.Манақбай) 1997 жылдың 10 маусымына дейiн мерзiмде Тұран Әлем Банк ұсынған тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен алынған несиенiң есебiнен ТұранӘлем Банкiнiң 61890000 (алпыс бiр миллион сегiз жүз тоқсан мың) АҚШ доллары мөлшерiндегi қарыздық берешегiн сатып алсын. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1997.06.26. N 198
               өкімімен. R970198_
      2. ТұранӘлем Банкi (Б.Н.Тәтiшев) мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi 1997 жылдың 10 маусымына дейiн мерзiмге көрсетiлген қарыздық берешекке қызмет көрсету жөнiнде агенттiк келiсiм жасасын.

      Премьер-Министр