"ТұранӘлем Банк" жабық акционерлiк қоғамының қызметiн жақсарту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 5 маусымдағы N 166
Қолданыстағы1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi (Т.М.Манақбай) 1997 жылдың 10 маусымына дейiн мерзiмде Тұран Әлем Банк ұсынған тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен алынған несиенiң есебiнен ТұранӘлем Банкiнiң 61 миллион АҚШ доллары мөлшерiндегi қарыздық берешегiн сатып алсын.
2. ТұранӘлем Банкi (Б.Н.Тәтiшев) мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi 1997 жылдың 10 маусымына дейiн мерзiмге көрсетiлген қарыздық берешекке қызмет көрсету жөнiнде агенттiк келiсiм жасасын.
Премьер-Министр