"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкiмiне өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 29-ө Өкімі

Қолданыстағы

         "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".

      Премьер-Министр О. Бектенов