Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкімі.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 22 наурыздағы
№ 57-ө өкіміне
1-қосымша

Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 09.04.2022 № 72-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 22 наурыздағы
№ 57-ө өкіміне
2-қосымша

Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      4. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеті

      5. Комиссияның міндеті телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа салаларда монополиясыздандыру мәселесі бойынша ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      6. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.